өзара әрекеттесу кезінде
денелердің массасы өзін
қалай байқалатынын
анықтау үшін қарапайым
тәжірибені қалай жасайды
2 тапсырма: 1 г = ? кг. 1 т = ? кг. 1 мг = ? кг.
3 тапсырма: Таразы бойынша өлшеп әр заттың салмағын теңестіріп жазғызу.
ІІІ. Мағынаны тану.
а) Жаңа сабақ түсіндіру. Тірек-сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Ол үй бейнесінде болады
Заттың тығыздығы
заттың тығыздығы деп сол заттың көлем
бірлігіндегі массасына тең физикалық
шаманы айтады
(ро) - тығыздық
m -масса
ә) Есептер шығару. Жаңа сабаққа байланысты есеп шығау. Бейнеленген үйді жабдықтау арқылы есеп шығарту.
1. Іргетас есебі: Массасы 461,5 г металл кесегінің көлемі 65 см3. Заттың тығыздығы неге тең? (7,1 г/см3).
2. Қабырғасы: Көлемі 15 м3 аквариумге су құйылған. Судың тығыздығы 1000 кг/м3-қа тең. Аквриумдегі судың массасы қандай? (15 000 кг)
3. Шатыры: Массасы 2 кг, ал көлемі 0,2 м3 металдың тығыздығы қандай? (10 кг/м3)
4. Есігі: Суы бар ыдыстың массасы 20 кг, ал судың тығыздығы 1000 кг/м3-қа тең. Ыдыстың көлемін анықтаңдар. (0,02 м3)
5. Әйнегі-1: Көлемі 64 м3 алтын кесегінің массасы 800 г болса оның тығыздығы қандай? (0,0125 кг/м3)
6. Әйнегі-2: Көлемі 0,012 см3 қорғасын кесегінің тығыздығы 11,4 г/см3 болса оның массасы нешеге тең болады? (0,1368 г)
ІҮ. Ой толғаныс. Сабақты бекіту кезеңі.
Ассоциация (топтастыру) әдісі бойынша сабақты бекіту (күннің көзі бейне суреті бойынша)
Заттың тығыздығы
Заттың көлем бірлігіндегі
массасына тең физикалық
шаманы айтады? кг/м3, г/см3
Ү. Үйге тапсырма: §24. 105 бет 9-жаттығу. №1-4 есептер шығарып келу
ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан
оқушыларды бағалау.
Іргетас есебі: Массасы 461,5 г металл кесегінің көлемі 65 см3. Заттың тығыздығы неге тең?
Қабырғасы: Көлемі 15 м3 аквариумге су құйылған. Судың тығыздығы 1000 кг/м3-қа тең. Аквриумдегі судың массасы қандай?
Шатыры: Массасы 2 кг, ал көлемі 0,2 м3 металдың тығыздығы қандай?
Есігі: Суы бар ыдыстың массасы 20 кг, ал судың тығыздығы 1000 кг/м3-қа тең. Ыдыстың көлемін анықтаңдар.
Әйнегі-1: Көлемі 64 м3 алтын кесегінің массасы 800 г болса оның тығыздығы қандай?
Әйнегі-2: Көлемі 0,012 см3 қорғасын кесегінің тығыздығы 11,4 г/см3 болса оның массасы нешеге тең болады?
Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің массасын қалай есептейді?
Массасы мен тығыздығы бойын-ша дененің көлемін қалай есептейді?
Егер тығыздық г/см3 –пен берілген болса, оны кг/м3-пен қалай өрнектеуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |