Сабақ тақырыбы 86-9 сабақ. «Табиғаттың тосын сыйы» «Табиғаттағы байланыс»



Дата17.03.2020
өлшемі56,37 Kb.
#60321
түріСабақ
Байланысты:
Әдебиеттік оқу Н.Маратова


Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Күні:




Сынып: 2-3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

86-9 сабақ. «Табиғаттың тосын сыйы»

«Табиғаттағы байланыс »



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1. Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау;

3.3.3.1. Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқиды.

Көптеген оқушылар: мәтінді дұрыс, түсініп оқиды.

Кейбір оқушылар: мысалды рөлге бөліп оқи алады.

Құндылық

Рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім

«Туған жерімнің тұрғындары»




Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақ тың басы

5мин



Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Үй жұмысын сұрау. « Қар кесек » әдісі арқылы сұрақ қойып түсінгенін жеткізу.

қағаз


Оқулықпен жұмыс
2-сынып 1-бөлім. 88-89бет

90-91бет
3-сынып 2-бөлім.

26-27бет.

28-29бет.

Оқулықпен жұмыс




1) Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттық.

Көктем жауын-шашынсыз болмас,

Жауын- шашынды болса,

Жасынсыз болмас.



2) Мәтінді түсініп оқы.

Найзағай


Жазғы демалыс кезі. Біз жүгерінің арамшөбін отап жүр едік. Күн күйіп тұрған. Түске таман аспанда қара бұлт пайда болды, ұлғая-ұлғая аспанды жайлап алды. Дала күнгірттеніп түнере түсті де, жаңбыр құйып кетті.

Қос едәуір жерде еді. Жұрт паналар жер таппаған соң, кетпен-күректерін төбелеріне тосты. Төңкерілген көп кетпен жыпырлап тұр. Найзағай жарқылдап, шатыр-шұтыр күн күркірегенде, металдың жай тартатыны есіме түсе кетті.

- Қашыңдар! –деп айқай салдым.

-Кетпенді тастап қашыңдар! –деп дауыстады.

Болатта менің ойымды түсінгендей.

Кенет шыққан ащы дауыстан шошып қалған жұрт кетпен –күректерін лақтырып,қосқа қарай қашты.Демде ұзап кеттік.

Көп кешікпей жаздың жылы жаңбыры басылды да,лезде аспан шайдай ашылып,бұлт арасынан жарқырап күн шығы келеді.

Қайтып орнымызға келсек,әлгі жерге жасын түсіпті.Кетпен-күректердің кейбіреуін жапырып ,кейбірін тесіп,жерге сіңіп кетіпті.

Бұл көріністен жаны түршіккен қарттар:

-Ойпырмай,осы жерде тұра берсек не болар еді?! Білгендеріңнен,оқығандарыннан айналайын! Өркендерің өссің!-деп, Болат екеумізге алғыс айтты.



Дәулет Қасенов


1) Әр қатардағы сөздер арасына байланыс тізбегін құр.Әңгімеле.

1.Гүл, ара,бал.

2. Бидай,тышқан,түлкі.

3. Жемістер,адам,денсаулық.


2) Мысалды рөлге бөліп, түсініп оқыңдар.
Терек пен қабығы.(Мысал)

Терек:

Қабағым-ау,қабағым,

Қатты қыстың денемді,

Айтшы өзің анығын,

Не үшін тұрсың сен енді?!

Қабығы:

Терегім-ау, терегім,

Қайтып алғың сөзіңді,

Жоқ болса егер керегім,

Жоғалтайын көзімді.

Терек:

Айтар болсам шынымды,

Қабықсың бар болғаны,

Менсіз тіпті күніңді,

Көре алмайсың сен-дағы!

Қабығы:

Қатты екен тым қарқының,

Жоқ болса егер керегім, Ашуланбай,

Ал тыным,

Кеттім, қош бол, терегім.

Кенет терек үстінен

Қапа болған сол қабық

Сапырылып түсті де,

Жатты жолға қамданып.

Болмай ауыз бірлігі,

Қабық кетті өкпелеп.

Осылайша, бір күні

Қурап қалды көк терек.

Сорасы аққан көзіңнің

Жасын көрсең бүгінгі.

Қателігін өзінің



Терек кештеу ұғынды.

Бейсенбай Кірісбайұлы

Сабақ ортасы

30мин



«Адасқан сөздер» әдісі

Адасқан сөздерді орнына қойып оқы. Алдымен сызықтарды дұрыс жүргізіп ал.


Жаңбыр жауғанда қара бұлт пайда болды

аспан шайдай ашылды

найзағай жарқылдады

күн күркіреді

Жаңбыр басылғанда жарқырап күн шықты


Дәптермен жұмыс



Сабақ

тың соңы

5 мин

Рефлексия:

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында кері байланыс «Табиғат құбылысы» әдісі арқылы ұйымдастыру.



Үйге тапсырма: « Табиғатқа саяхат» тақырыбында эссе жазу.

сурет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет