«Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камзина Марпуга Слямкановнаның әдістемелік күнге арналған қысқа мерзімдік сабақ жоспары
«Абайтану» сабағы
6 «Б» сынып,
Сабақ тақырыбы:
«Абайды оқы таңырқа!..»
Сабақтың мақсаты : 1. Білімділік 2.Тәрбиелік 3.Дамытушылық
Білімділік:. Ақынның шығармаларын талдай отырып,білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту.
Тәрбиелік: Ұлттық тәрбие беру, білім мен ғылымды насихаттау, өзінің ішкі әлеміне үңілуіне және сол арқылы адами қасиеттерді жетілдіруге тәрбиелеу. Бірін-бірі түсінуге, силауға, өз-өзіне сын көзбен қарауға тәрбиелеу, толық адамның қасиеттерін ұғындыру, үлгі алу
Дамытушылық: Адам туралы түсініктерін қалыптастыру. Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыру. Өзін тұлға дәрежесінде сезіне білуіне мүмкіндік беру, шығармашылық ізденісін дамыту.