Сабақ Тақырыбы: Адам мен Отан Мұғалiм: Едіге Саягүл Едігеқызы



Дата25.08.2017
өлшемі57,2 Kb.
#27622
түріСабақ

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектебі: Алабас негізгі мектебі

Мерзiмі: 18.04.17

№ 30 сабақ

Тақырыбы:Адам мен Отан

Мұғалiм:Едіге Саягүл Едігеқызы

Класс 9

Оқушылар саны - 5

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттері: қамқорлық,адамгершілік, адалдық.

Сабақ мақсаты: оқушыларға туған ел, Отан туралы тусінік беру,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • оқушыларды Отанға, туған елге, қамқорлық жасауға үйрету;

  • оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

  • еліне, халқына абыройлы қызмет етіп,адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио, жазба)

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңi:

Оқу құралдарына назар аудару. 5 «Т» ережесі



Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен сүйіспеншілік құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Сүйіспеншілік және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рақмет.


Сабақ барысын талдау:

Жай музыка



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қартқожа романы (үзінді) Ж.Аймауытов оқып түсінігін айту.





Дәйексөз:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

Н.Назарбаев

2 рет ер балалар, 2 рет қыз балалар.Бәрі бірге айту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?




Мұғалім сыйы:

Бірлік

Е. Өтетілеуұлы
Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар болып қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да, аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді.

  • Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, - деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты.

  • Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық, жарай ма?

  • Жарайды, - деді Данияр қуанып.

Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап-күліп жүріп, өызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды.

  • Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар.

Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде-ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді.


  • Неліктен Данияр қанша қимылдаса да ісі өнбеді?

  • «Бірлік түбі - тірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамдарға бірлік не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Бірлігі жарасқан адамдардың бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттер көрінеді?

  • Өздерің достарыңмен бірігіп еңбек қылғанда қандай сезімде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.






Шығармашылық жұмыс:

Тапсырма 144 бет.

Төмендегі берілген ұлы адамдардың сөздерін басшылыққа алып, «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына шығарма жазыңдар.





Топпен ән айту.

Өмір, өмір

Сөзі: А.Тауасаров Әні: К.Дұйсекеев

Өмір, өмір арманшыл алаулы күндерім

Өмір, өмір, қиялшыл жұлдызды түндерім.

Өмір, өмір арайлап ататын ақ таңдар,

Өмір, өмір махаббат белгісі гүлдерім


Арман - тірлігімнің күні

Арман - жүрегімнің үні

Арман , арман - өмірімнің гүлі
Өмір, өмір жазбаған жалаулы жырларым

Өмір, өмір ашпаған құрбыма сырларым

Өмір, өмір қырандай самғар мен биікке

Өмір, өмір шөлдерге шайқалар гүл-бағым


Арман - тірлігімнің күні

Арман - жүрегімнің үні

Арман , арман - өмірімнің гүлі
Өмір, өмір тулаған тіршілік қарысың

Өмір, өмір жүрекке от берер жалынсың

Өмір, өмір жан құрбым сыйлаған махаббат

Өмір, өмір мәңгілік іздеген шағымсың


Арман - тірлігімнің күні

Арман - жүрегімнің үні

Арман , арман - өмірімнің гүлі
Арман - тірлігімнің күні

Арман - жүрегімнің үні

Арман , арман - өмірімнің гүлі

Арман , арман - өмірімнің гүлі

Өмірімнің гүлі

Өмірімнің гүлі







Үй тапсырмасы.

«Жан дала-жәннат дала» Қ.Ахметова жаттау.






Сабақтың қорытынды минуты.

Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет