«Айдарлы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Адам- табиғат перзенті» тақырыбы көлемінде білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекетін шыңдау, адамның табиғаттағы ролін түсіндіру.
Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбаттыда шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу.
Оқушының табиғат заңдылықтарын біліп, ондағы үйлесімділікті көре білуге дағдыландыру, білімдерін практикада пайдалана білуге үйрету.
Оқытудың мақсатты бағыты:
ӘДІСТЕРІ: Сұрақ-жауап, әңгіме кеңес, пікір алысу, өз ойын ортаға салу, суреттеу, баяндау, бақылау, ізденіс,ой шақыру, ой жинақтау
ӘДІСТЕРІ: Сұрақ-жауап, әңгіме кеңес, пікір алысу, өз ойын ортаға салу, суреттеу, баяндау, бақылау, ізденіс,ой шақыру, ой жинақтау
КӨРНЕКІЛІКТЕР: Табиғат көрінісі, технология кестесі, сюжетті суреттер, бүктемелер ,табиғат әуендері, бейнефильм,кітаптар.
САБАҚТЫҢ ТИПІ: Жаңа сабақ .
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: Ана тілі, бейнелеу өнері музыка,өзін- өзі тану.
Сабақтың барысы:
I ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1.Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
2.Психологиялық ахуал туғызу
- Балалар, мен табиғатқа таң қаламын. Неге десеңдер, табиғат сиқыршы сияқты. Табиғат бізге мейірім сыйлайды, жан дүниеміз тыныштықпен ізгілікке бөленеді. Табиғат өкпелегенді жазады, мұңайғанды жұбатады.
Міне, табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді бере отырып сабағымызды бастаймыз.
II Оқушының білімін тексеру.
1.Ой шақыру.
Балалар,біз кімбіз?
Біз адамбыз.
Адамды қоршаған орта қалай аталады?
Табиғат.
Балалар,біз қазір табиғаттың әсем әуендерін тыңдаймыз.
Қандай табиғат құбылыстарының дыбысын естідіңдер?
Табиғат деген кең ұғымды қалай түсінесің?
Өсімдік
Табиғат
Тау,тастар
Жануарлар
Тіршілік
иелері
ауа
жер
адам
су
-Соның ішінде адамның ерекшелігі неде?
-Адамның ерекшелігі өзінің терең ойлайтындығы мен саналылығында.
III.Мақсат қою кезеңі
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Адам- табиғат перзенті”.
IY.Жаңа сабақ.
а) Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ
Табиғат адам үшін жаралыпты
Бар қызық табиғаттан таралыпты
Адам мен табиғат әрқашан егіз.
Табиғат, Жер,Ана, Отан, туған жер,атамекен құлаққа жылы естіліп,жүрекке шаттық сезім ұялатады.
Ата бабамыз “Жер-қазына, су-алтын,мал- байлық”-деп бекер айтпаған. Күнделекті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ішетін дәріміз, ішіп жүрген тамағымыз, ішетін суымыз, тыныс алатын ауамыз т.б. бәрі табиғаттың бізге берген сыйы.
Адам жер ананың перзенті. Табиғатты жер ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Табиғат адамның бойына шабыт, көңілге қуат,сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады.Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта.
Табиғат-адам үшін қажетті: ауа,су, топырақ,
Табиғат-адам үшін қажетті: ауа,су, топырақ,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
б)Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәтінді оқыту.
Түсінгендерін тексеру.
-Адам табиғаттан нені үйренеді?
Ұзын құйрық инелік,
Инелікке тимелік.
Тік ұшақты жасадық,
Инеліктен үйреніп.
Аққұманның оттағы
Бүлкілдейді қақпағы
Соған қарап ағалар
Паровозды тапқаны.
Адамдар мен жануар арасындағы қамқорлықты салыстыр
Сергіту сәті.
“Мен табиғаттан не үйрендім?” ойын.
(Балалар кезекпен келіп, алған қағазына
қарап, табиғаттан не үйренгенін айтады.
Мысалы: көбелек, күн, құс,жер,су суреттері)
-Мен күннен мейірімділікті үйрендім.
-Мен құстардан ән салуды үйрендім.
-Мен көбелектен әдемілікті көріп үйрендім.
-Мен жерден төзімділікті үйрендім.
-Мен судан тазалықты үйрендім.
-Балалар,табиғат бар тіршілік иелеріне мейірімді,біз мейірімділікті табиғаттан үйренейік.
Бекіту.
Бекіту.
I -топ
Табиғаттан алған әсеріміз бойынша сурет
салу.
II -топ
Шағын әңгіме жазу.
III -топ
Өлең құрастыру.
Оқушы шығармашылығы.
Табиғат сұлулығы
Табиғат сөзін естігенде сылдырап аққан су, ағаш басында ән салған
құс, көкорай шалғын төсінде жайылған мал, орман, тау, дала аңдары
көз алдыма келеді.
Ақан Ермек
Дені саудың-жаны сау
Қазақ халқында асыл сөздің барлығы тегін айтылмаған. Сол сияқты
адам өмірге келгеннен кейін дұрыс тамақ ішіп, дұрыс жуынып-
шайынып таза жүруі керек деп ойлаймын.
Зақан Құндыз
Табиғат
Табиғат
Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған
Сен-Күнсің көтерілген күліп қырдан
Сен-көлсің, сен ормансың,сен бұлақсың
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
Толумбек Айжан
Табиғат және адам
Табиғат егіз адаммен
Ұқсастық табам содан мен
Мәңгілік болсын егіздер
Жер-ана, көл, Теңіздер.
Мадиахун Ақпейіл
Сабақ қорыту.
Ой жинақтау.
Сонымен бүгінгі сабақта не білдік?
- Адам-табиғаттың бөлігі.
Ол саналы, дамыған бола тұра табиғатпен етене байланыста.
Табиғатсыз адамның тіршілігі жоқ.
- Ендеше,табиғаттан адамға не қажет?
- Ауа,су.
- Қорек,жылу,жарық
- Олай болса оның барлығын экологиялық фактор деп атайды.Ал, қоршаған ортаны қорғау баршамыздың міндетіміз.