Сабақ Тақырыбы: «Адам табиғат перзенті»



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі249,64 Kb.
#29388
түріСабақ
  1   2
МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРТАЛЫҒЫ



КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Адам табиғат перзенті»

«Өлкетану» үйірмесінің мұғалімі: Қасенова М.М.

14.11.2016ж.

14.11.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Адам табиғат перзенті

Сабақтың мақсаты: Адамды қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.Табиғат тепе-теңдігін сақтау.Адамның табиғатқа әсері.

Дамытушылық: әңгімелесу, сиппаттау, талдау қаблеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқыту әдісі: әңгімелеу сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу.

Көрнекілігі: табиғаттың суреттері, үлестірмелі карталар.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу.

2.Түгендеу.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ.Оқушылардың білімін тексеру.

Жұмбақтарды шешу

Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем, тәір кілем. Жауабы: жер
Үлкен-үлкен түйені,

Тастапты атам шөгеріп,

Өркеші бұлтқа тиеді.

Бауыры жатыр көгеріп. Жауабы: тау


Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңірі керер даланың. Жауабы: жаңбыр


Тұман қара таудың басында,

Киік кетіп барады.

Қол-аяғы бауырына,

Тиіп кетіп барады. Жауабы: тұман


Таудан топ түсті,

Аяқ қолы жоқ түсті. Жауабы: бұршақ


Терісін жыртпай етін жеген,

Жілігін шақпай майын жеген. Жауабы: аяз.


ІІІ.Жаңа сабақтың мақсаты:

Табиғат, адамды қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру. Табиғат орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.



VІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Адам-табиғат перзенті. Ол табиғат арасында өмір сүріп, тіршілік етеді. Саналы ойлаудың арасында ол өзінің адам ретінде алғашқы пайда болған дәуірінен бастады. Табиғаттың, оның ішінде әсіресе тірі табиғаттың алуап түрлі құбылыстарына таңданды. Оған қызыға қарап, өзі де сондай болсам дегенді қиялдап ойланатын болды. Мысалы: адам құс тәрізді аспанға ұшуды, балық сияқты суда жүзуді армандады. Әрине бұл қиял ғана еді. Бірақ ойланудың нәтижесінде адамда оны жас ай алады ғой деген пікірге келеді. Сүйтіп, адам табиғат сырын зерделеді. Оның техникасын меңгерді. Құс пен инеліктің ұшуын бақылап ұшақ, тікұшақ жасады. Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарын діңі, бұтақтарының орналасуын құрлымын тағы басқа зерделеп алуан түрлі ғимараттар салды, құмырсқаның илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.

Демек тіршіліктің барлық саласында әр жаңалықтың басты себепшісі – алдымен адамның ақыл-ойы. Ал адамға ой салушы жетелеуші табиғаттың өзі. Адамның өз өміріне, тіршілігіне қажетті табиғат жағдайлары оның еңбегі арқылы жасалды. Ақыл ойыда дами түсті.Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат, Жер, Ана, Отан, атамекен құлаққа жылы естіліп жүрекке шаттық сезім ұялатады. Ата бабамыз «Жер қазына, су-алтын, мал-байлық»- деп бекер айтпаған.күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ішетін дәріміз, ішіп жүрген тамағымыз, ішетін суымыз, тыныс алатын ауамыз тағы да басқалары бәрі табиғаттың бізге берген сыйы. Адам жер ананың перзенті. Табиғатты жер ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Табиғат адамның бойына шабыт, көңілге қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Табиғат –адам үшін қажетті: ауа, су, топырақ, өсімдіктермен жануарлар дүниесі.

V. Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру:

Сұрақ-жауап арқылы. Адам табиғаттан нені үйренеді? (Суреттермен жұмыс)



  1. Ұзын құйрық инелік,

Инелікке тмелік.

Тік ұшақты жасадық,

Инеліктен үйреніп.


  1. Аққұманың оттағы,

Бүлкілдейді қақпағы.

Соған қарап бағала,

Паравозды тапқаны.


  1. Суда жүзген балықты,

Бақыладық байыпта.

Соған қарап жасадық,

Біз сүнгір қайықты.


  1. Ұзын мойын, сирақты

Білесіңбе жирафты,

Соған қарап ағалар

Крандарды жинапты.

«Мен табиғаттан не үйрендім?» ойын.

(Балалар кезекпен келіп, алған қағазына қарап, табиғатта не үйренгенін айтады.)

Мысалы: Көбелек, күн, құс, жер, су суреттері.

-Мен күннен мейірімділікті үйрендім.

-Мен құстардан ән салуды үйрендім.

-Мен көбелектен әдемілікті көріп үйрендім.

-Мен жерден төзімділікті үйрендім.



-Мен судан тазалықты үйрендім.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет