Сабақ тақырыбы: Адамның сезім мүшелері Сабақ мақсаты



бет1/2
Дата21.07.2017
өлшемі1,19 Mb.
#21383
түріСабақ
  1   2
Қала: Павлодар

Мектеп: 35 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаева Жаркынай Жасталаповна

Сынып: 1 «Б»

Пән: дүниетану

Сабақ тақырыбы: Адамның сезім мүшелері

Сабақ мақсаты:

1.Оқушылар адамның сезім мүшелері туралы білім алады. Көз, мұрын, тіл, тері, құлақ-сезім мүшелері құрылысымен танысады.

2. Оқушылар танымдылық қасиеттерін дамытады. Оқушы сезім мүшелері арқылы өмірдегі маңызын түсінеді.

3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже: Сезім мүшелерін біледі, қызметі мен құрылысын түсінеді, жеке бас гигиенасын сақтайды.

Сабақ түрі: Қайталау сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Керекті құрал-жабдықтар: қораптар, маркерлер, әтір, суреттер, тұз бен қант, дискке жазылған жануарлар дыбыстары, доп, АКТ, интербелсенді тақта.

Кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.








Психологиялық ахуал тудыру




  • Ал, балалар, күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза, мөлдір көңіл-күймен

Бүгінгі сабағымызды бастайық.

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем шаттанам!



Тақырыпқа шығу




  • Ал, енді, бүгінгі сабаққа үй тапсырмасы қандай?

Жұмбақтар жаттау.



  1. Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін. (Көз)

  2. Екі шырақтың арасында бір өзім. (Мұрын)

  3. Күмбір, күмбір, қарағым, қартайғанша жарадың. (Құлақ)

  4. Денесі жұмсақ, сүйір, көп сөйлеуге үйір. (Тіл)

  5. Бунақты көсеу, тармағы бесеу.

(Қол мен саусақ)







  • Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы – сезім мүшелерін қайталау. Бүгінгі сабақта сендер нені білгілерің келеді? Алдарыңа




  • Яғни ,бүгін адамның сезім мүшелерін, олардың құрылысын, қызметін білесіңдер.


-Топпен жұмыс істеуді;

-Топқа баға қоюды;

-Сезім мүшелері не екенін білгіміз келеді;

-Оларды қалай күту керектігін білгіміз келеді;

-Құрылысын білгіміз келеді.




Топқа бөліну

  • Балалар, маған қай топта жұмбақтың қай шешуі аталғанын айтыңдаршы.

  • Ендеше әр топтың атауы осы жұмбақтардың шешуіне байланысты болады. Сонымен І топ – «құлақ», ІІ топ – «көз», ІІІ топ – «мұрын», ІҮ топ – «тіл», Ү топ – «тері».

  • Енді топ болып топ басшыларыңды сайлап алыңдар.

-Құлақ, мұрын, көз, тіл, тері.


Бағалау ережесі



жазылған қағаз бар. Топ атауларыңды есте сақтаңдар! Сендердің топ басшыларың әр тапсырмаға өз тобына баға қоятын болады. Бағалау үшін партада бағалау парағы бар. Әр тапсырмаға "+" немесе «-» қойып отырасыңдар. Егер барлығы дұрыс болса «+», толық емес немесе дұрыс емес болса «-» қоясыңдар.

Сонымен, бастайық!
Бағалау парағы


Топтың аты

Тапсырмалар

Бағасы

Көз

1-тапсырма




2-тапсырма




3-тапсырма





«+» - қызыл түсті гүл

«-» - сары түсті гүл





Электронды оқу құралы




  • Барлығымыз интербелсенді тақтаға қараймыз.

(1-сыныпқа арналған электронды оқу құралы қосылады. Авторлары: Жүнісқызы Күлжан, Жапанбаева Назгүл, Маркина Марина)

  • Сонымен, адамның қандай сезім мүшелері бар?

Олар нені сезеді?


-Мұрын –иіс сезу және дем алу мүшесі. Ол иісті сезеді, адам мұрынмен дем алады..

-Құлақ – дыбыстарды естиді. Ол – есту мүшесі.

-Көз – көру мүшесі. Көз арқылы заттың түсін, пішінін көреміз.

-Тіл – дәм сезу, сөйлеу мүшесі. Тілмен біз ащыны немесе тұщыны сеземіз.Онымен сөйлейміз.



-Терімен ыстық пен суықты, қатты мен жұмсақты сеземіз. Тері – сипап сезу мүшесі.



Слайд



  • Балалар сендердің парталарыңның үстінде әр топтың атауына байланысты сурет берілген. Бұл суретте сезім мүшелерінің құрылысы көрсетілген. Осыны топпен қарастырыңдар да, интербелсенді тақтаға 1 оқушы шығып, баяндап бересіңдер.


1-тапсырма









-Мынау – көз. Көзде көз алмасы, ақ қабаты және қарашығы бар. Көз – көру мүшесі.

- Мынау – тіл. Тілдің ұшы және екі ағы бар. Тілдің ұшы – тәттіні, ал екі жағы – ащыны сезеді. Тіл – дәм сезу және сөйлеу мүшесі.

-Мынау – мұрын. Мұрында танау бар. Танаудың екі тесігі бар. Олар арқылы иісті сеземіз, дем аламыз. Танау тесігінің ішінде түкшелері бар. Олар шаң-тозаңды енгізбейді.

Мұрын – иіс сезу, дем алу мүшесі.

-Бұл – құлақ. Құлақта қалқан мен дабыл жарғағы болады. Қалқан – дыбыстарды жинайды, ал дабыл жарғағы – дыбыстарды естиді. Құлақ – есту мүшесі.


-Бұл – тері. Тері жасушадан тұрады.Терінің тесіктері мен түкшелері болады. Терінің тесіктері арқылы тері дем алады, ал түкшелер теріні қорғайды. Тері – сипап сезу мүшесі.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет