Сабақ тақырыбы Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек



Дата13.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#125787
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2В Алгебрлық өрнектер



Мектеп: « Береке» ЖОМ

Күні: 5.12.2018

Мұғалімніңаты-жөні:Зиядинова Э

Сынып:6 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек.

Осы сабақтақолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1

алгебралық өрнек ұғымын меңгеру;

6.2.1.2

айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу;




Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • алгебралық өрнек ұғымын меңгерту;

  • айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеп үйрету.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • алгебралық өрнек ұғымын біледі;

  • айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бұл бөлімдегі математикалық терминологияны қолданады;

- алгебралық өрнектің мүмкін мәндерін қалай анықтайтынын түсіндіреді;

Пәнгеқатысты лексика мен терминология:

- айнымалы;

- алгебралық өрнек;

- тепе-теңдік;

- айнымалының мәні;

- айнымалының мүмкін мәндері;

- коэффициент;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- алгебралық өрнек деп …;

- алгебралық өрнектің мәнін табу үшін … керек;


Құндылықтарды

дарыту

Әлемдік проблемаларын ескере отырып, жаһандық азаматтық сезімін дамыту. Өзіне және басқаларға құрметпен қарауды, ынтымақтастықты жұптық және жеке жұмыстар арқылы дарыту.

Пәнаралық

байланыстар

Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті формулалар туралы түсініктер қарастырылады.

АКТ қолдану

дағдылары

Active Board тақтамен жұмыс істеу арқылы сабақты белсендендіру.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Бірлескен оқу ортасын құру.

Алдыңғы тарау бойынша қайталау сұрақтары:


  • Рационал сандар ұғымы, мысал келтіріңіз;

  • Рационал сандарды қосу, мысал келтіріңіз;

  • Рационал сандарды азайту, мысал келтіріңіз;

  • Координаталық түзу туралы түсінік.

Слайд 4


Сабақтың ортасы
3 – 13 мин

13 – 20 мин


20 -22 мин


22 - 32 мин

32 – 34 мин


34 – 38 мин

Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.

Оқушылар, бүгін біз өткен түсініктерімізді қайталау арқылы жаңа сабақпен сабақтастырамыз.

Мынадай мысалдармен қарастырайық:


  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см болса, периметрін, ауданын табыңыз.

Сонда, P = 2(a + b), S = ab болады.

  1. Егер текшенің өлшемдері а см, b см, с см болса, онда текшенің көлемін табыңыз.

Сонда, V= abc болады.

Осы мысалдарды тұжырымдайық:

Табылған P = 2(a + b), S = ab, V= abc өрнектеріндегі а, b, с әріптері айнымалылар деп, ал P = 2(a + b),

S = ab, V= abc өрнектері айнымалысы бар өрнектер деп аталады.


  1. Формулалар мен есептің шартына байланысты құрылған теңдеулерді жазуда айнымалысы бар өрнектер пайдаланылады.

  2. Айнымалысы барөрнектің жазылуында айнымалылармен қатар, сандар, жақшалар және арифметикалық амалдар таңбалары да болуы мүмкін.

  3. Кейде бір айнымалының өзі де айнымалысы бар өрнек бола алады, мысалы, b– айнымалысы барөрнек, х–айнымалысы бар өрнек.

Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, арифметикалық амалдар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек деп аталады.

Мысалы: 3a; a + b; x(x+2) өрнектеріндегі әріптердәі қабылдайтын мәндері – кез келген сандар.



Алгебралық өрнектің жазылуы мен оқылуына мән беру.

Мысалы: х санынан у пен 9 санының қосындысын азайтуды былай жазамыз:



х – (у + 9)

Егер айнымалылары бар өрнектегі әрбір айнымалының орнына оның қабылдайтын мәнін қойсақ, санды өрнек жазылады. Бұл жағдайда санды өрнектің мәнін айнымалылары бар өрнектің мәні деп атайды.

Алгебралық өрнектің сандық мәнін табу үшін:


  1. Алгебралық өрнектегі әріптерді олардың сан мәндерімен алмастыру қажет;

  2. Теріс сандар жақша ішіне алынып жазылады;

  3. Алгебралық өрнектегі жақшалар есепке алынып (егер жақща болса), тиісті арифметикалық амалдар ретімен орындалады.

Мысалы: 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәнін табайық.

7а + 5 = 7·3 + 5 = 26.

Мұндағы 26 саны 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәні.

Жалпы сыныппен жұмыс

Айнымалылары бар өрнектерді «қосынды», «айырма», «көбейтінді» және «бөлінлі» ұғымдарын пайдаланып оқыңдар:



  1. 3а + с; 3) 1,3 – ху; 5) (m + nn; 7) ;

  2. 3b d; 4) (x y)· 1,4; 6) m2n2; 8) .

Оқылуы: (3а + с) - үш пен а санының көбейтіндісіне с санын қосу.

. Айнымалысы бар өрнек түрінде жазыңдар.

  1. а санынан 3 есе артық санды;

  2. d санынан 2 есе кем санды;

  3. m – нің -іне тең санды;

  4. а санының 14 % - ін;

  5. а санынан 25 % артық санды;

  6. b санынан 30 % кем санды.

Жауабы: 3а; ; ; 0,14а; 1,25а; 0,7b.

өрнегінің мәнін табыңдар, мұндағы:

  1. a = 6, b = -2; 3) a = -9, b = 3;

  2. a = , b = -1; 4) a = -3, b = 4;

Жауабы: 6; 2,8; 6; 15.

Дескриптор: Білім алушы:



  • айнымалылары бар өрнектерді оқып біледі;

  • айнымалылары бар өрнектерді жазады;

  • айнымалылары бар өрнектердің сан мәнін есептей алады.

Оқушылар өзін – өзі бағалайды.

Жұптық жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

Шығармашылық деңгей

1.Өрнектердің мәндерін есептеп табыңдар:



1) (а + b)2; a2 + b2; a2 +2ab +b2 мұндағы a=3, b=-7.

2) (а - b)2; a2 - b2; a2 -2ab +b2 мұндағы a = 2, b = -5.

Жеке жұмыс

Берілген өрнектердің мәндерін есептеп, кестеге тиісті әріптерді сәйкестендіріп геометриялық фигураны табыңыз.




Р



П



О



Л



Г



Е



М



А






-2,4

-2,8

4

-2,8

-1,5

-1,5

0,2

-1,5




























1,6

-0,4

4

-2,8

-2,3

-2,3


















Жауабы: Параллелограмм



Қосымша 1


Слайд 5 - 6
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN9965-34-442-6

Қосымша 4


Слайд 10


Сабақтың соңы
38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • алгебралық өрнек туралы түсінік, мысал;

  • айнымалылардың өрнектердің мәндерін қалай табады?

Үйге тапсырма

Жеке жұмыстағы «Параллелограмм» туралы оқып, сызбасын дәптерге орындау.



Рефлексия


Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы



Саралау –оқушыларға қалай көбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген, жұптық жұмыс деңгейлік тапсырмалармен берілді.


Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет