Сабақтың ортасы
3 – 13 мин
13 – 20 мин
20 -22 мин
22 - 32 мин
32 – 34 мин
34 – 38 мин
|
Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.
Оқушылар, бүгін біз өткен түсініктерімізді қайталау арқылы жаңа сабақпен сабақтастырамыз.
Мынадай мысалдармен қарастырайық:
Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см болса, периметрін, ауданын табыңыз.
Сонда, P = 2(a + b), S = ab болады.
Егер текшенің өлшемдері а см, b см, с см болса, онда текшенің көлемін табыңыз.
Сонда, V= abc болады.
Осы мысалдарды тұжырымдайық:
Табылған P = 2(a + b), S = ab, V= abc өрнектеріндегі а, b, с әріптері айнымалылар деп, ал P = 2(a + b),
S = ab, V= abc өрнектері айнымалысы бар өрнектер деп аталады.
Формулалар мен есептің шартына байланысты құрылған теңдеулерді жазуда айнымалысы бар өрнектер пайдаланылады.
Айнымалысы барөрнектің жазылуында айнымалылармен қатар, сандар, жақшалар және арифметикалық амалдар таңбалары да болуы мүмкін.
Кейде бір айнымалының өзі де айнымалысы бар өрнек бола алады, мысалы, b– айнымалысы барөрнек, х–айнымалысы бар өрнек.
Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, арифметикалық амалдар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек деп аталады.
Мысалы: 3a; a + b; x(x+2) өрнектеріндегі әріптердәі қабылдайтын мәндері – кез келген сандар.
Алгебралық өрнектің жазылуы мен оқылуына мән беру.
Мысалы: х санынан у пен 9 санының қосындысын азайтуды былай жазамыз:
х – (у + 9)
Егер айнымалылары бар өрнектегі әрбір айнымалының орнына оның қабылдайтын мәнін қойсақ, санды өрнек жазылады. Бұл жағдайда санды өрнектің мәнін айнымалылары бар өрнектің мәні деп атайды.
Алгебралық өрнектің сандық мәнін табу үшін:
Алгебралық өрнектегі әріптерді олардың сан мәндерімен алмастыру қажет;
Теріс сандар жақша ішіне алынып жазылады;
Алгебралық өрнектегі жақшалар есепке алынып (егер жақща болса), тиісті арифметикалық амалдар ретімен орындалады.
Мысалы: 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәнін табайық.
7а + 5 = 7·3 + 5 = 26.
Мұндағы 26 саны 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәні.
Жалпы сыныппен жұмыс
Айнымалылары бар өрнектерді «қосынды», «айырма», «көбейтінді» және «бөлінлі» ұғымдарын пайдаланып оқыңдар:
3а + с; 3) 1,3 – ху; 5) (m + n)· n; 7) ;
3b – d; 4) (x – y)· 1,4; 6) m2 – n2; 8) .
Оқылуы: (3а + с) - үш пен а санының көбейтіндісіне с санын қосу.
. Айнымалысы бар өрнек түрінде жазыңдар.
а санынан 3 есе артық санды;
d санынан 2 есе кем санды;
m – нің -іне тең санды;
а санының 14 % - ін;
а санынан 25 % артық санды;
b санынан 30 % кем санды.
Жауабы: 3а; ; ; 0,14а; 1,25а; 0,7b.
өрнегінің мәнін табыңдар, мұндағы:
a = 6, b = -2; 3) a = -9, b = 3;
a = , b = -1; 4) a = -3, b = 4;
Жауабы: 6; 2,8; 6; 15.
Дескриптор: Білім алушы:
айнымалылары бар өрнектерді оқып біледі;
айнымалылары бар өрнектерді жазады;
айнымалылары бар өрнектердің сан мәнін есептей алады.
Оқушылар өзін – өзі бағалайды.
Жұптық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
Шығармашылық деңгей
№1.Өрнектердің мәндерін есептеп табыңдар:
1) (а + b)2; a2 + b2; a2 +2ab +b2 мұндағы a=3, b=-7.
2) (а - b)2; a2 - b2; a2 -2ab +b2 мұндағы a = 2, b = -5.
Жеке жұмыс
Берілген өрнектердің мәндерін есептеп, кестеге тиісті әріптерді сәйкестендіріп геометриялық фигураны табыңыз.
-2,4
|
-2,8
|
4
|
-2,8
|
-1,5
|
-1,5
|
0,2
|
-1,5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1,6
|
-0,4
|
4
|
-2,8
|
-2,3
|
-2,3
|
|
|
|
|
|
|
Жауабы: Параллелограмм
|
Қосымша 1
Слайд 5 - 6
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы
Т.А. Алдамуратова,
Т.С, Байшоланов,
Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.
ISBN9965-34-442-6
Қосымша 4
Слайд 10
|