Сабақ тақырыбы Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек



Дата22.02.2020
өлшемі0,65 Mb.
#58811
түріСабақ
Байланысты:
1. Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Нұсқа 1.

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2В Алгебрлық өрнектер



Мектеп:

Күні: 10,12

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек.

Осы сабақтақолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1

алгебралық өрнек ұғымын меңгеру;

6.2.1.2

айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу;




Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • алгебралық өрнек ұғымын меңгерту;

  • айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеп үйрету.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бұл бөлімдегі математикалық терминологияны қолданады;

- алгебралық өрнектің мүмкін мәндерін қалай анықтайтынын түсіндіреді;

Пәнгеқатысты лексика мен терминология:

- айнымалы;

- алгебралық өрнек;

- тепе-теңдік;

- айнымалының мәні;

- айнымалының мүмкін мәндері;

- коэффициент;

- әріпті бөлігі;

- ұқсас мүшелер;

- әріпті өрнектің мәні;

- өрнектерді тепе-тең түрлендірулері;

- өрнектерді ықшамдау.



Құндылықтарды

дарыту

Әлемдік проблемаларын ескере отырып, жаһандық азаматтық сезімін дамыту. Өзіне және басқаларға құрметпен қарауды, ынтымақтастықты жұптық және жеке жұмыстар арқылы дарыту.

Пәнаралық

байланыстар

Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті формулалар туралы түсініктер қарастырылады.

АКТ қолдану

дағдылары

Active Board тақтамен жұмыс істеу арқылы сабақты белсендендіру.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Бірлескен оқу ортасын құру.

Алдыңғы тарау бойынша қайталау сұрақтары:


  • Рационал сандар ұғымы, мысал келтіріңіз;

  • Рационал сандарды қосу, мысал келтіріңіз;

  • Рационал сандарды азайту, мысал келтіріңіз;

  • Координаталық түзу туралы түсінік.

Слайд 4


Сабақтың ортасы


Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.

Оқушылар, бүгін біз өткен түсініктерімізді қайталау арқылы жаңа сабақпен сабақтастырамыз.

Мынадай мысалдармен қарастырайық:


  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см болса, периметрін, ауданын табыңыз.

Сонда, P = 2(a + b), S = ab болады.

  1. Егер текшенің өлшемдері а см, b см, с см болса, онда текшенің көлемін табыңыз.

Сонда, V= abc болады.

Осы мысалдарды тұжырымдайық:

Табылған P = 2(a + b), S = ab, V= abc өрнектеріндегі а, b, с әріптері айнымалылар деп, ал P = 2(a + b),

S = ab, V= abc өрнектері айнымалысы бар өрнектер деп аталады.


  1. Формулалар мен есептің шартына байланысты құрылған теңдеулерді жазуда айнымалысы бар өрнектер пайдаланылады.

  2. Айнымалысы барөрнектің жазылуында айнымалылармен қатар, сандар, жақшалар және арифметикалық амалдар таңбалары да болуы мүмкін.

  3. Кейде бір айнымалының өзі де айнымалысы бар өрнек бола алады, мысалы, b– айнымалысы барөрнек, х–айнымалысы бар өрнек.

Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, арифметикалық амалдар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек деп аталады.

Мысалы: 3a; a + b; x(x+2) өрнектеріндегі әріптердәі қабылдайтын мәндері – кез келген сандар.



Алгебралық өрнектің жазылуы мен оқылуына мән беру.

Мысалы: х санынан у пен 9 санының қосындысын азайтуды былай жазамыз:



х – (у + 9)

Егер айнымалылары бар өрнектегі әрбір айнымалының орнына оның қабылдайтын мәнін қойсақ, санды өрнек жазылады. Бұл жағдайда санды өрнектің мәнін айнымалылары бар өрнектің мәні деп атайды.

Алгебралық өрнектің сандық мәнін табу үшін:


  1. Алгебралық өрнектегі әріптерді олардың сан мәндерімен алмастыру қажет;

  2. Теріс сандар жақша ішіне алынып жазылады;

  3. Алгебралық өрнектегі жақшалар есепке алынып (егер жақща болса), тиісті арифметикалық амалдар ретімен орындалады.

Мысалы: 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәнін табайық.

7а + 5 = 7·3 + 5 = 26.

Мұндағы 26 саны 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәні.

Жалпы сыныппен жұмыс

693. Айнымалылары бар өрнектерді «қосынды», «айырма», «көбейтінді» және «бөлінлі» ұғымдарын пайдаланып оқыңдар:



  1. 3а + с; 3) 1,3 – ху; 5) (m + nn; 7) ;

  2. 3b d; 4) (x y)· 1,4; 6) m2n2; 8) .

Оқылуы: (3а + с) - үш пен а санының көбейтіндісіне с санын қосу.

698. Айнымалысы бар өрнек түрінде жазыңдар.



  1. а санынан 3 есе артық санды;

  2. d санынан 2 есе кем санды;

  3. m – нің -іне тең санды;

  4. а санының 14 % - ін;

  5. а санынан 25 % артық санды;

  6. b санынан 30 % кем санды.

Жауабы: 3а; ;; 0,14а; 1,25а; 0,7b.

705. өрнегінің мәнін табыңдар, мұндағы:



  1. a = 6, b = -2; 3) a = -9, b = 3;

  2. a = , b = -1; 4) a = -3, b = 4;

Жауабы: 6; 2,8; 6; 15.

Жұптық жұмыс

1.



  1. Телевизордың бағасы а тг. Телевизордың бағасы 10%- ке арзандады. Телевизордың бағасыарзандаған соң неше тенге болды?

  2. Жолаушы s км қашықтыққа барды. Бұл оның барлық жолының 40%- іне тең. Жолаушының барлық жолы неше километр?

2. Кестені толтырыңыз:

у

-0,7



0

2,5



16 – 3у
















16 + 3у















Жауабы:1) 0,9а; 2,5s;



  1. 18,1; 17,5; 16; 8,5; .

13,9; 14,5; 16; 18,5; .

Дамытушы деңгей

1.Есепті өрнек құрып шығарыңдар.

Бірінші сан екінші саннан а есе үлкен, ал екінші сан үшінші саннан b есе үлкен. Үш санның қосындысы 171-ге тең. Осы сандарды табыңдар.

Мұндағы a = 2,4, b = 2,5..

2. Егер m – жұп сан болса:


  1. m + 1; 2) m + 2; 3) 2m + 1; 4)m(m + 1)

сандардың қайсысы тақ сан болады?

Жауабы: 1) 108; 45; 18. 2) 1; 3.



Шығармашылық деңгей

1.Өрнектердің мәндерін есептеп табыңдар:



1) (а + b)2; a2 + b2; a2 +2ab +b2 мұндағы a=3, b=-7.

2) (а - b)2; a2 - b2; a2 -2ab +b2 мұндағы a = 2, b = -5.

Мәндері тең өрнектерді теңдік белгісімен жазыңдар.



2. Қабырғасы а см квадрат пішінді қалың қағаздың бұрыштарынан қабырғасы b см квадраттар қиылып алынып, одан қорапша жасалған (суретте). Қорапша көлемін табыңдар. Мұндағы a = 24, b = 6.

Жауабы: 1) (а + b)2= a2 +2ab +b2; (а - b)2=a2 -2ab +b2.

2) 864 см3.

Мұғалім ұсынған дайын жауаптар арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.


Жеке жұмыс

Берілген өрнектердің мәндерін есептеп, кестеге тиісті әріптерді сәйкестендіріп геометриялық фигураны табыңыз.



Р



П



О



Л



Г



Е



М



А






-2,4

-2,8

4

-2,8

-1,5

-1,5

0,2

-1,5




























1,6

-0,4

4

-2,8

-2,3

-2,3



















Жауабы: Параллелограмм

Қосымша 1


Слайд 5 - 6
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN9965-34-442-6

Слайд 7


Қосымша 2

Слайд 8

Қосымша 3

Слайд 9


Қосымша 4
Слайд 10


Сабақтың соңы



Сабақты қорытындылау:

  • алгебралық өрнек туралы түсінік, мысал;

  • айнымалылардың өрнектердің мәндерін қалай табады?

Үйге тапсырма

Жеке жұмыстағы «Параллелограмм» туралы оқып, сызбасын дәптерге орындау.



Рефлексия


Слайд 11







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет