Сабақ тақырыбы: Қала мұражайларына саяхат: Ғ. Тоқай мұражайы Сабақ мақсаттары



Дата29.03.2017
өлшемі48,34 Kb.
#12766
түріСабақ
Бағдарлама жоспары: Өлкетану туризмі

Сабақ тақырыбы: Қала мұражайларына саяхат: Ғ.Тоқай мұражайы

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Қалалық мұражайлар туралы түсінік беру, экскурсиялар жасау.

Дамытушылық: Туристік экскурсиялар, экспидициялар арқылы оқушының

мамандығына және туған өлкеге деген патриоттық сезімдерін дамыту.



Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: - География

  • Экология

  • Тарих

  • Өлкетану

Оқыту әдісі: Оқушыларды саяхат, экскурсия арқылы қаламыздың

мұражайларымен таныстыру



Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:

  • Слайдтар

  • Топшамалар

  • Суреттер

I. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Кіріспе нұсқау

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)



  1. Мұражайдың адам өмірінде атқаратын ролі қандай?

  2. Еуропада тарихи мұражайлар қашан дамыды?

  3. Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейі қашан, қандай сәулет өнері бойынша салынған?

  4. М.А.Шолохов қай жылы дүниеге келді, қай жерде?

  5. Шолоховтың мемориалдық мұражай үйі қашан ашылды?

  6. Мұражай кешені неше қабатты, қанша көрме залдан тұрады?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

Қала мұражайларына саяхат: Ғ.Тоқай мұражайы. Қатысушыларға экскурсиялар, саяхаттар арқылы тарихи қалалық мұражайлар туралы мағлұмат беретінің айту.



Жаңа тақырыпты баяндау (конспект)

Мұражай түрлері және қызметі

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи мұражайлар (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер мұражайы (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ‘‘жаратылыстану мұражайы’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық мұражайлар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ‘‘кешенді мұражай’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетанумұражайы), мемориалдық мұражай (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражай). мұражай ісінің негізгі бағыттары – мұражай мұраларын (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, мұражайдың кадрлық жүйесін жетілдіру. Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады.



Ғ.Тоқай мұражайы

Мұражай үш ғимараттан тұрады. Негізгі екі қабатты ғимарат 19 ғасырдың екінші жартысында сол кезде Казанда салынған ғимараттар үлгісінде белгісіз архитектор салған. Бұл үй татар демократиялық әдебиетінің негізін қалаушы Ғ.Тоқайдың қалыптасуына, дамуына және сана сезіміне үлкен әсер еткен, зиялы Тухватуллиндер отбасының негізінде болды.

Бір қабаты әкімшілік ғимараты, татар мәдениеті орталығының ғимараты. Соңғы 2 ғимараты 2006 жылы салынды. Ғ.Токай Оралда 12 жыл тұрды және осы жылдары Тухватуллиндер отбасымен тығыз байланысты болды, олардың бай кітапханасын пайдаланады. Отбасының басшысы Хазрет Мутыйгулла «Қызыл мешіт»жанында жұмыс істеген медресенің аға оқытушысы және Ғ.Тоқайдың мұғалімі болды. ХIХ ғ-ң аяғында мұражайдың ғимараты өрттен қатты зардап шегіп,қайтадан тұрғызылды және қазіргі заманғы күйге енді.

Қызыл кірпіштен ағаш жабыннан металл шатырдан және күмбезді үй астымен екі қабатты ғимарат салынды.Үй астында «Спикер» газетінің және «Уклер» сатиралық журналының редакциясы мен типографиясы орналасты.Үйдің қабырғасында 1976 жылы үйдің қала мәдениетінің тарихи ескерткіші болып табылатындығын бекітетін мемориалдық тақтайша орнатылды. Мұражайдың негізгі ғимаратының екінші қабатында Ғ.Тоқай залдарының және Ғ.Тоқайдың орталығының экспозиялары,сонымен қатар Тухватулла кабинеті орналасқан.



Жаңа сабақтың кіріспе нұсқауы бойынша білімдерін бекіту

1. Мұражайдың қандай топтары бар?

2. Техникалық мұражайлар экспонаттары?

3. Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлері?

4. Ғ.Тоқай ғимараты қай жылы салынды?

5. Ғ.Тоқайдың қалыптасуына кімнің ықпалы зор болды?

6. Ғ.Тоқайдың ұстазы?

7. Мұражайда қандай залдар бар?

Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!



ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін қауіпсіздік ережелеріне сүйене отырып орындайды.

  • Оқушыларды топтарға бөлу

  • Қауіпсіздік ережелеріне тоқталу

  • Тапсырмалар бөлу

  • Өз беттерімен жұмыстану

  • Әрбір оқушыны жекелей қадағалау


Жұмыс орнын қарап өткенде:

  1. Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру

  2. Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау

  3. Технологиялық процестің орындалуын бақылау

  4. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау

  5. Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау

ІV. Қорытынды нұсқау.

  1. Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту

  2. Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту

  3. Оқушылардың бағаларын хабарлау

  4. Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет