ҚБ «Алмалар» әдісі арқылы бағаланады.
Қызыл алма- пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратуда қиналса.
Сары алма- пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратса, алайда, топтастыру жүргізгенде қателіктер жіберсе.
Жасыл алма- пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып, топтастырса.
Сергіту сәті
(Д) Т3 «Ойлан, тап!» әдісін қолдану арқылы жүзеге асады.
Сұрақтарға жауап бер, талқыла, өз ойыңды ортаға сал.
Сұрақтар:
Не себепті дұрыс тамақтану керек?
Тағам түрлерін неше топқа бөлеміз?
Қандай тағамдардың құрамында пайдалы дәрумендер болады?
Адам ағзасына зиянды тағамдарды ата.
Дескриптор:
-Дұрыс тамақтануды біледі.
-Пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады.
- Өз ойларын дәлелдей алады.
Қорытындылау.
«Иә - жоқ» динамикалық үзілісі әдісі арқылы қорытындыланады.
(«Иә»-секіру, «жоқ» - отыру) -Адамның денсаулығына дұрыс тамақтану пайдалы. (иә)
- Артық тамақ жеу денсаулыққа пайдалы (жоқ)
-Тамақты тез, асығып жеу керек. ( жоқ)
-Газдалған тәтті сусындардың құрамында қант өте көп (иә)
- Жылдам әзірленетін тағамдардың құрамында дәрумендер болады. (Жоқ)