Сабақ тақырыбы Алаштың ақтаңгері Әлихан Оқу мақсаты


-тапсырма. «ДЖИГСО» әдісі



бет5/7
Дата06.02.2022
өлшемі1,35 Mb.
#80595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әлихан Бөкейхан ҚМЖ 9-сынып

2-тапсырма. «ДЖИГСО» әдісі
Мақсаты: Әлихан Бөкейхановтың еңбектеріне баға беру. Берілген тақырып бойынша полилогте сөйлеу. Әлихан Бөкейхановтың қызметі туралы қосымша ақпаратты ұсыну.

  • Мәтінді оқыңыздар.

  • Оқыған ақпараттарды органайзерге салыңыздар.

  • Өз ақпараттарыңызды топта баяндаңыздар.



Дескриптор:
Органайзерде барлық ақпарат қамтылған.
Ақпараттарды баяндауда жаңа сөздерді қолданады.


1-топ. «Интеллект карта құрастыру» әдісі
Оқушылар топта мәтінді талдайды.
Мәтіндегі ең негізгі ұғымдарды интеллект карта түрінде бейнелейді.

«Алаш» — қазақ халқы деген сөздің синонимі.


1917 жылы Қазақстанда саяси партиялар құрылып, жұмыс жасай бастады. Солардың ішіндегі ең ауқымды да ірісі Алаш партиясы болды. Алаш партиясының алдына қойған негізгі мақсаты – дербес, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін дамыту, Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосу т.б. Алаш партиясын Ә. Бөкейханов басқарды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Алаш партиясы Алашорда үкіметі болып қайта құрылады. Сөйтіп үкімет билікке келіп, партияның мақсаттарын іске асыру үшін саяси іс-шаралар жүргізе бастады. Алашорда үкіметінің баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Алашорда үкіметі Семей қаласында орналасты. Алашорда үкіметінің міндетіне мемлекетті басқару, білім беру, құкык, дін мәселелерін шешу кірді.


2-топ. «Хронологиялық карта» әдісі
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 5 наурыз 1866 жылы Қарқаралы уезі, Семей облысында дүниеге келді. Ата тегі - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.
1879-1886 ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890 ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 ж. Санкт Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Орман шаруашылық училищесінде математика пәнінен оқытушы болды. Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде қазақ халқының жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін, т.б. бостандықтары мәселесін көтерді. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редактор болды. 1909–17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911–14 «Қазақ» газетін ұйымдастырды.
Жұбайы - Елена Яковлевна Севостьянова, ағартушы Яков Сергеевич Севостьяновтың қызы, әкесімен Әлихан «Дала уәлаяты» газетінде танысқан. Қызы — Елизавета (Зейнеп) Смағұл Садуақасовтың әйелі. Ұлы — Сергей (Оқтай) Бөкейханов инженер-геолог, Қаныш Сәтпаевпен бірге қызмет еткен. Көптеген ғылыми зерттеулердің авторы. Әкесінен кейін бірден сотталған. Бірақ босатылып, Мәскеуде қалды. Қазірде ұрпақтары Мәскеуде тұрады.


3-топ. «Постер» әдісі
Әлихан Бөкейхановтың қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне қатысты «Овцеводство в Степном крае» атты еңбегін жазды. «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипат­та­масы» көптомдық жинағы, тарихи-этнографиялық «Қыр­ғыздар (қазақтар)», «Сұлтан Кенесары Қасымов тарихы жайлы материалдар», «Қарқаралы уезі қырғыздарының (қазақтарының) рулық құрылымы», «Абай (Ибраһим) Құнанбаев», «Қырғыздардың (қазақтың) ас беруі жайында» т.б. еңбектері шықты. Ә. Бөкейхан кейінгі ұрпаққа жалпы көлемі 16 томнан тұратын мол ғылыми-публицистикалық мұра қалдырды. Әлиханның алғашқы мақалалары Омбы техникалық училищесінде оқып жүрген 1889 жылы жарық көрді. Омбыда басылатын «Дала уәлаяты» газетінде жиырмадан астам мақалалары мен фельетондары шықты. Ол «Дала өлкесі», «Семей облыстық ведомстволары», «Қырғыз да­ласының газеті» және «Түркістан ведомстволары» газеті жұмы­сы­на қатысып тұрды. Оның мақалалары Мәскеу, Омбы, Томск және Се­мей қалаларында шығатын газеттерде жа­рық көрді. Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетін ұйымдастыруға зор еңбек сі­ңір­ді. Газет беттеріне оның мақалалары қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты
Ә. Бөкейхан А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, А. П. Чехов, В. Г. Короленко шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қазақ тілінде «Темірқазық» және «Шолпан» журналын, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» және «Сәуле» журналдарын шығарған.
Әлихан Бөкейханов өз сөзінде: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп айтып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет