Сабақ Тақырыбы: «Алғыр алтау»



бет1/4
Дата04.10.2020
өлшемі344,58 Kb.
#63906
түріСабақ
  1   2   3   4

Еңбекшілдер орта мектебі



СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ

Тақырыбы: «Алғыр алтау»

Сынып: 9-11

Дайындаған: Нуржасарова А.М

2016-2017 оқу жылы

Пән: География

Сабақ тақырыбы: «Алғыр алтау» географиялық сайыс

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін пысықтап қайталау.

Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қызығушылықтарын арттырып, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, шапшандыққа үйрету.

Пәнаралық байланыс: 

Сабақтың түрі: Ойын - сайыс

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, қайталау

Көрнекілігі: слайд

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Армысыңдар достар!

Бұл ойын жүйріктер сынайтын «Алғыр Алтау» ойыны.

«Алғыр алтау» бірнеше кезеңдерден тұратын зияткерлік сайыс. Жарысқа 3 жұп қатысады. Ойын  3 кезеңнен және супер ойыннан тұрады. Әр кезеңнің шартымен ойын барсында танысамыз. Ал қазір қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Сонымен бірінші жұп - Қайдар Айжан және Бекен Жұлдыз

Екінші жұп- Амантаева Жәмилә және Хамзина Дилара

Үшінші жұп- Сапа Арыстан және Қайролла Жанерке

(әр топ өздерін таныстырады)

Бәрі келді достар Алғыр алтау ойнына қош келдіңіздер.



  • Қандай пәнді жақсы көресіңдер

  • Бос уақытында немен айналысасындар?

  • Болашақта кім болғыларын келеді?

Психологиялық дайындық!

Армысың, асыл күн !

Армысың, асыл жер !

Армысың, көк аспан!

Армысың, қонағым!

Армысың, жан досым!

Олай болса мен сендерді ойынның ережелерімен таныстырып өтейін.

Ойын 3 кезеңнен тұрады.

3 кезең бойынша ең көп балл жинаған жұп «Супер ойынға» шығады.

Бірінші ойыншы бірінші қатарда ойнаса, екінші ойыншы екінші қатарда сұрақтарға жауап береді.

Әр кезең тапсырмаларымен ойын барысында танысамыз.

Ең алғашқы кезеңі- белес деп аталады. Бұл кезеңде тұжырымдар немесе ережелер беріледі. Тұжырымның дұрыс немесе бұрыстығын көрсету арқылы белгілейсіндер.

Мәселен: Жаздан кейін қыс келеді – дұрыс па, бұрыс па

Күзден кейін қыс келеді дұрыс па, бұрыс па

Түсінікті ғой!!!

Екінші кезең- өткел деп аталады. Бұл кезеңнің шарты мынадай: Алдымен екі санат беріледі. Содан соң бірнеше жауап нұсқалары айтылады. Айтылған есім немесе сөз қай санатқа жататының анықтау керек.

Мәселен: ауа көлігі / су көлігі

(қайық, ұшақ, зымыран)

Ал үшінші кезең асу деп аталады. Асу кезеңінде бір сөз беріледі. Екі жауап нұсқасы болады. Ал сендер сол сөзге қатысты бар бір сөзді анықтау керек. Яғни құлақ деген сөзге қандай сөздер қатысты. (бас, есту, сырға)

Ойын ережесі түсінікті болса әр топтың 2 ойыншысы екінші қатарға шығарып салайық.

Ойынымызды бастайық, дайынбыз ба?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет