Логикалық тапсырмалар
(оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту) арқылы тақырыпты ашуға жетелеу)
1.Қандай екі санды бір-бірімен көбейткенде олардың нәтижесі осы екі санның қосындысына тең? (2және 2) Неге?
2. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды? 2,3 Қалай есептедің?
( түйеқұстар ұшпайды)
3. Тауық 1аяқпен тұрғанда 5кг. Екі аяқпен неше кг? 5кг
Неліктен?
4. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі,1 жұмыртқа неше минутта піседі?
Неліктен жауап 4?
Оқушыларға қайта сұрақ қойылады:
Сұрақтар түсінікті болды ма?
Сұрақтарға жауап беруде қандай әрекеттер жасадыңдар?
Осыдан не түсіндік?
Бұл сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, ең алдымен берілген мәтіннің мағынасын түсіну қажеттігін біледі;
Ойларын нақтылау мақсатында келесі тапсырма беріледі.
1.Тапсырма:
Шаңғышы 3 сағ-та 30 км жол жүріп өтті. Осы жылдамдықпен 20 км жол жүріп өту үшін оған қанша уақыт керек?
Есеп қандай түрде берілген? - мәтін түрінде
Қандай есептерге жатады? - мәтінді есеп
Олай болса біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен
оқу мақсатымен танысайық.Оқушыларды сабақтың тақырыбы , оқу мақсатымен таныстырамын.
Тапсырмаға қайта ораламыз.
- Есепте не берілген? 1-қадам
- Нені табу керек? 2-қадам
- Канша уақыт кеткендігін табу үшін не істейміз? 3-қадам
- Шаңғышы 1 сағатта неше жол жүрді? 4-қадам
- Қандай амалдар орындаймыз? 5-қадам
Есептің шешімі слайдта көрсетіледі
Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды.
Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз?
Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз?
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
Біз осы сұрақтарға жауап бере отырып мәтін есептерін шығару қадамдарын анықтадық ,яғни алгоритмін құрдық. Мәтін есептер шығару алгоритмін толық түсіну үшін тапсырмалар орындайық.
|