Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Менің әуес ісім-ән айту
|
Мақсаты
|
а) Оқушыларға өлеңді мәнерлетіп оқыту.
ә) Сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Оқушыларды адамгершілкке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап
пысықтау.Мәнерлеп оқытып бағалау.
ұрақтар:
Тірек сызба толықтыру
Сендер қандай фотоға түсіру үшін құралдарды білесіңдер?
Жақсы, көркем фото суреттер жасалатын заттар қандай?
Кәсіби фотосуретшілердің қандай фотоаппаратар түрлері мен салты,әдістері бар?
Фото түсіруге нелер қажет?
Фотоға түсіру адамнан қандай қасиеттерді талап етеді?
Фото түсіру туралы білетінің термин сөздерді атаңдар?
Фотоға түсіргеннен кейін міндетті не?
Фотоға түсіру дегеніміз не?
Сеннің отбасыңда фотоаппарат бар ма?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі
-Балалар, «Менің әуес ісім-ән айту» тақырыбы бойынша қандай синоним,антоним, омоним сөздерін білесіңдер, айтып беріңдер.
Халық= …, бірінші = …, елұран= …, ұлы = …, ән орындаушы = ….(синонимдер)
қазақша .., жаңа ... , соңғы ... , көне ... , қария ... . (антонимдер)
жас- ..., оқу-... (омонимдер)
Пікір – мнение
Қадірлеу - уважать
Кәсіп ету – здесь: заниматься
Оқулықпен жұмыс: 1- тапсырма. Диалогты оқыңдар, аударыңдар, диалогке ат қойыңдар. Тапсырмаларды ауызша орындау.
Мына сөздердің антонимін айтыңдар:
Жақсы - , рас - , жаңа - ,
Көптік жалғаулы сөздерді атап шығыңдар:
Қадірлеушілердің, таулар, сияқтыларға, мамансыңдар, жатарсыңдар.
2. Керекті сөздерді пайдаланып, берілген сызба бойынша әңгіме құрастырыңдар.
Керекті сөздер: жас кезімнен, әуес ісім, бірнеше адаммен, атақты әншілердей, сүйемелдеумен, ойнап отырып.
3. Берілген суреттегі қазақтың әншілерін атап, сөйлем құрастырып жазыңдар.
Керекті сөздер: Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген, халық әртісі, жас әнші, өзінің саз мектебі, Қарақат Әбілдина, Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Бибігүл Төлегенова.
4. Жұптастырыңдар.
1. Бұлбұл үнді, күміс көмей әнші Гүлбану Абдулина .... .....
2. Жерлестері Гүлбанудың әнін .... ..... ....
3. Гүлбану Абдулина халық әртісі Роза Жаманованың ... ... .... ....
4. Гүлбану негізінен классикалық әндерді ..................
5. Сонымен қатар, Гүлбану Абдулина қазақтың .... ........ ...... 1. ..... халық әндерін тамаша орындайды.
2. ..... орындайды.
3. ..... вокалында дәріс алған.
4. ..... өте жақсы көреді.
5. ..... Қостанайда тұрады.
5. Мына берілген сөздерді үлгідегідей етіп, түрлендіріп жазыңдар.
Үлгі: сүрту; сүрт- ті, сүрт-кіз, сүрт-інді, сүрт-тіру.
Сөйле, көр, айт, жазу, салу, биле.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Оқулықпен жұмыс
Тест тапсырмасын орындаңдар.
1. Мына сөйлемдегі ырықсыз етісті тап. Қарағанды қаласында жаңа үй салынды.
а) Қарағанды қаласында; ә) жаңа үй; б) салынды;
2. Мына сөздерден еріндік дыбысы бар сөзді белгіле.
а) бұйымдыр; ә) алақай; б) алғашқы;
3. Термин сөзді сөз тіркесін белгіле.
а) таулы жер; ә) ауылдық аймақ; б) экологиялық мәселе;
4. Мына сөйлемге қажетті сөзді қой. .... түсіру – өнердің бір түрі.
а) сөйлемге; ә) фотоға; б) үйге;
5. Дұрыс жалғауын жалға. Сіздің әуес іс.... .
а) – ім; ә) – ің; б) - іңіз; ІҮ. Қорытынды. Сөйлем неден құралады?
Сөз неден құралады?
|
Үйге тапсырма
|
Жаттау 197 бет
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Қазақ тілі
|
Менің әуес ісім
|
7 -сабақ
|
Сілтеме
|
Мемлекеттік стандарт 3 ақпан 2013 жыл № 115, күнтізбелік жоспар.
|
Сабақ тақырыбы
|
Менің әуес ісім - ас дайындау. Етіс.
|
Жалпы мақсаты
|
Өзінің әуес ісі туралы, әуес іс дегеннің не екенін айта алуға үйрету. Тақырып бойынша сөздерді игеру. Оларды сөйлеу барысында қолдана алуға дағдыландыру. Етістік формаларын пысықтап өту.Етіс жұрнақтарын айыра алуға, етістікті етіс жұрнақтары арқылы түрлендіріп қолдана алуға,ас дайындау ережелерін өз тәжірибесімен ұштастырып айта алуға үйрету.
Өзіне ұнайтын іс жайында ойландырту, мәтіннен керекті мағлұматты ала білу дағдысын дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, тез ойлауға, жан-жақты ойлауға дағдыландыру, өзін –өзі, сыныптастарын бағалауға үйрету.
Бос жүрмеуге, уақытты бағалауға үйрету, саламатты өмір салтын насихаттау.
|
Оқыту нәтижесі
|
Жалғау, шылауларды, етістіктің рай, шақ формаларын, етіс жұрнақтарын біледі, сөйлеу барысында сауатты қолданады. Деңгейлі тапсырмаларды орындай алады, мұғалімнің айтқанын түсінеді. Топпен жұмыс істей алады, бағалай біледі.
|
Негізгі идея
|
Сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда СТО стартегияларын қолдану, функционалды сауаттылықты арттыру.Гамматикалық білімдерін ауызекі сөйлеу барысында қолануға жаттықтыру. Қазақша сөйлеуге ынталандыру.
|
Құралдар, қолданылған материалдар
|
Оқулық, моноблок, флипчарт қағазы, фломастер, тақырыпқа байланысты түрлі суреттер.
|
|
Жұмыс кезеңдері
|
уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
бағалау
|
1.Кіріспе .
Жағымды орта туғызу, тренинг қолдану.
Ой қозғау.
|
3 мин
5 мин
4 мин
2 мин
|
Амандасу.
Балалар, қазақ тілі сабағы басталды, бәріміздің көңіл-күйіміз жақсы. Қане, бір-бірімізге әдемі сөздер айтамыз(сын есімдер).
Енді, балалар тақтаға назар аударыңдар. Бірінші тақтадағы суретке қарап қандай тақырып қоюға болады?
«Әуес іс». ӘУЕС ІС деген не, қалай түсінесіңдер? Қандай әуес іс түрлерін білесіңдер? Қане, шеңберге шығып, бір –бірімізге осы тақырып бойынша сұрақ қойып көрейік және өткенді еске түсіреміз!
Ал екінші тақтадағы суреттерге қарап қандай атау қоюға болады?
Міне, балалар сендер тақтадағы суреттерге қарап сабақ тақырыбын анықтадыңдар.
Сонымен сабақ тақырыбы –«Менің әуес ісім- ас дайындау»
Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болу керек, қалай ойлайсыңдар?
Әуес туралы айта білуге үйрену;
Ас дайындау туралы айта білу;
Ол үшін біз не істеуіміз керек? Сонымен сабақ жоспары:
Ойтолғау
Грамматикалық формаларды пысықтау;
Етіс жұрнақтарын қолданып үйрену.
Мәтінмен жұмыс істеп, керекті мағлұматты аламыз.
«Ұлттық тағамдар» тақырыбын қайталау: «Ыстық орындық» стратегиясы.
Бағалау.
Үй жұмысы.
|
Балалар бір-біріне жылы сөздер айтады.
Бірінші тақтадағы суреттерге қарап отырып тақырып қояды.
Балалар шеңберге шығып бір – біріне «Әуес іс» тақырыбы бойынша тізбектеліп сұрақ қояды.
Суреттерге қарап отырып сабақ тақырыбын анықтайды.
Балалар тақырып бойынша өз түсінігін айтуға тырысады.
Сабақ жоспарын мұқият тыңдайды, өз ұсыныстарын айтуға рұқсат ету керек.
|
Формативті
Қолпаштау
|
2.Түсінік қалыптастыру (сабақты жүзеге асыру):
(топпен жұмыс).
|
2 мин
2 мин
|
Мұғалім балаларға топпен жұмыс істейтіндіктерін айтады, топқа бөледі, топ ережесін қайталайды.
Енді , балалар, синонимдер және антонимдер болып топқа бөлініңдер (Қосымша № 1)
1-тапсырма: Әуес ісі қандай? (текшемен жұмыс)
мылтық
|
шаңғы
|
шаңсорғыш
|
қылқалам
|
орман
|
қар
|
шүберек
|
бояу
|
...
|
...
|
...
|
...
|
ән
|
кірпіш
|
мата
|
балық
|
микрофон
|
ғимарат
|
ине
|
қармақ
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
Балалар антоним/ синоним жазылған текшелер бойынша топқа бөлінеді, топ ережесін қайталайды.
мылтық
|
шаңғы
|
шаңсорғыш
|
қылқалам
|
орман
|
қар
|
шүберек
|
бояу
|
Аң аулау
|
Шаңғы тебу
|
Үй жинау
|
Сурет салу
|
ән
|
кірпіш
|
мата
|
балық
|
микрофон
|
ғимарат
|
ине
|
қармақ
|
Өлең айту
|
Үй салу
|
Киім тігу
|
Балық аулау
|
деп әрекетті, істі атаулары керек.
|
жұлдыз
|
|
|
|
|
3 мин
3 мин
5 мин
6 мин
4 мин
|
2-тапсырма:
Балалар, әуес істерді атау үшін қандай етістіктерді (етістікті қандай формада) қалай қолдандық?, етістік дегеніміз не, нені білдіреді, сұрақтары қандай? Мына етістіктер қандай формада тұр?
Енді осы етістіктерді Рай формасына қоямыз:1-топ қалау рай, екінші топ-шартты рай, 3-топ бұйрық рай.
Енді осы етістіктерді етіс формасына қоямыз.
3-тапсырма: тез аудар.
1-топАлмас сегодня быстро умылся.
Асель пол часа расчесывалась.
Младщий брат поделился со старшим братом(бөлу)
2-топВ гимназии организован новый кружок(ұйымдастыру).
В столовой испечено 100 булочек.
Илья помог маме делать пельмени.
3-топ. Сауле заставила сестренку делать уроки.
Учитель заставил писать диктант.
Арина помогла Саше решить задачу(есеп шығару).
4-тапсырма. 149-бет, 1-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша ПОСТЕР дайындау, қорғау.
Мақсат: керекті мағлұматты ала білу.
Ас дайындауда не маңызды?
Дәмді тағам адамға қалай әсер етеді?
Ас дайындау барысында нелер пайдаланылады?
Ас әзірленетін орын қандай болу керек?
Тағамдардың сапасын анықтау керек пе?
Ас әзірлеп болған соң не істеу керек?
Қорғау.
Жауаптарды дәптерге жазып алуын сұрайды.
Критерий береді әр топқа.
|
Етістік туралы білімдерін пысықтайды, саналы түрде игереді.
Етістіктің рай формасын қайталайды, саналы түрде қолдануға үйренеді.
Бұл тапсырмада етіс жұрнақтарын дұрыс қолдануға тырысады. Бірін-бірі бағалайды(жауап парағын беруге болады, қосымша №2 )
Ролдерді бөледі, мәтіннен керекті ақпаратты алып постер жасап қорғайды. Дәптерге жазып алады.
Әр топ бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.
Қосымша№3
|
Өзара бағалау
екі жұлдыз бір тілек
Критериалдық бағалау
|
Бекіту
«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны
|
3мин
|
Табыс критерийлері (сабақ жоспарына қайта оралып балалар өздері айтады, қорытынды «Дұрыс-дұрыс» емес ойыны(Қосымша №4)
Үй жұмысы 149-бет, басты ережелерді жаттап алу, мәтіннен етістерді тауып жазу дәптерге, сөз құрамына талдау.Сөздерді жаттау.
|
Сабақ жоспарына қайта оралып балалар өздері айтады:
Табыс критерийлері:
1.Әуес іс туралы айта аламын.
2.Етіс жұрнақтарын білемін, қолдана аламын.
3.Мәтіннен керекті маңызды мәліметті ала аламын.
4.Өткен тақырыптар бойынша білімімді көрсете аламын.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.
|
|
|
|
2 мин
|
Мұғалімнің оқушының жұмысын бағалауы. Күнделікке баға қою
|
Күнделікке баға қою
|
|
|
Қосымша №1
АНТОНИМ
Айналысу
|
Шұғылдану
|
Ауыр
|
Жеңіл
|
Жаңару
|
Ескіру
|
СИНОНИМ
Зор
|
Дәу
|
Міндет
|
Борыш
|
Ұғым
|
Түсінік
|
АНТОНИМ
Алу
|
Қосу
|
Ашу
|
Жабу
|
Қою
|
Сұйық
|
Қосымша №2
Алмас сегодня быстро умылся. – Алмас бүгін тез жуынды.
Асель пол часа расчесывалась. – Әсел жарты сағат таранды.
Младщий брат поделился с мыслями со старшим братом(бөлу) – Інісі ағасымен ой бөлісті.
В гимназии организован новый кружок(ұйымдастыру). – Гимназияда жаңа үйірме ұйымдастырылды.
В столовой испечено 100 булочек. –Асханада 100 бөлішке пісірілді.
Илья помог маме делать пельмени. – Илья шешесіне тұшпара жасасты.
Сауле заставила сестренку делать уроки. – Сәуле сіңлісіне сабақ оқытты/ оқытқызды.
Учитель заставил писать диктант. – Мұғалім диктант жазғызды/ жаздыртты.
Арина помогла Саше решить задачу(есеп шығару). – Арина Сашаға есеп шығарысты.
Қосымша №3
Бағалау критерийлері:
1. Сауатты.
|
1 2 3 4 5
|
2. Мағлұмат толық.
|
1 2 3 4 5
|
3. Мағлұмат дұрыс, мәтінге сай.
|
1 2 3 4 5
|
4. Белгіленген уақыт бұзылған жоқ.
|
1 2 3 4 5
|
5. Батыл және еркін, сөздік қоры бай
|
1 2 3 4 5
|
Қосымша №4
«Дұрыс-дұрыс емес»
1.Үккіш үгетін тұрмыстық техника құралы. Дұрыс.
2.Ас әзірленетін орын гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Дұрыс.
3.Тағамның қалай пісіргендігі маңызды емес, ол көзді қызықтыруы керек. Дұрыс емес.
4.Ас әзірлеп болған соң құралдарды жумау керек. Дұрыс емес.
5.- лы-іл, -ғыз-гіз,-ын-ін, бұл қатарда ортақ етіс жұрнағы жоқ. Дұрыс.
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Менің әуес ісім- спортпен шұғылдану
|
Мақсаты
|
Оқушыларға тақырып бойынша мәлімет беріп, тақырып
бойынша білімдерін жүйеге келтіру, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Өлеңді жатқа сұрап, тапсырмаларды тексеріп,
пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.
1-тапсырма.Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.
1. Менің әуес ісім- … шұғылдану.
2. Спорттың … көп.
3. Мен аптасына екі рет футболға … .
4. Біз баскетболдан … орын алдық.
5. Спорттың қай-қайсысы да денсаулыққа … .
.2-тапсырма.Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Шұғылдану,денсаулық,әуес ісім.
.3-тапсырма.Берілген өлеңді оқып,Қанаттың мінезіне сипаттама беріңдер.
6.Суретті диктант «Спорт».
.5-тапсырма.Берілген диалогті оқып,Гүлнәрдің шахматқа әуестігі туралы өз түсінгендеріңді айтыңдар.
Шахматшы Гүлнәр
-Фәния апай,сәлеметсіз бе,Гүлнәр үйде болса,телефонға шақырып жіберіңізші.
-Есен-саусыз ба,таң атпай жатып телефон шалып тұрған кім дейін?
-Мен ғой,апай!Аида Мүсілімқызымын!
-Ә,Аида апайы екенсің ғой,қазір шақырайын.
-Гүл-л-нәр! Аида апайың сені телефонда тосып тұр.
-Гүлнәр,сүйінші!Киев қаласында өтетін чемпионатқа сен баратын болдың.Шахмат федерациясынан жеделхат менің жатыр.
-Менімен бірге сіз де барасыз ба?
-Ол жағын білмеймін,оны республикалық спорт комитеті шешетін болады.Кіммен барсаң да,әйтеуір,үлкен шах-матқа жолың енді ашылды білем.Ал қазір уақыт тығыз,комитетке тез кел.
-Қазір жетемін,апай!
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
VI.Жаңа материалды пысықтау:Сұрақ-жауап
ерілген сөйлемдерді мағынасына қарай құраңдар.
1. Шахмат V ғасырда …
2. Шахматтан тұңғыш рет дүниежүзілік бірін-шілік …
3. Шахматтан дүние жүзінің тұңғыш чемпионы …
4. Лондонда әйелдер арасында … Вильгельм Стейниц болды.
дүниежүзілік біріншілік өтті.
VII.Бекіту кезеңі:Өтілген тақырыптарды пысықтау. «Кім жылдам алма жинайды?»
|
Үйге тапсырма
|
Оқу 198 бет
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |