Сабақ тақырыбы: Ана тілім Жалпы мақсат



бет31/49
Дата17.04.2017
өлшемі7,17 Mb.
#14042
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Менің әуес ісім-сурет салу


Мақсаты

Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «Менің әуес ісім- сурет салу » тақырыбы бойынша жаңа білімдерін қалыптастыру.

Топтарды қалыптастыру, бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету; Диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру;

- - Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; термин сөздер, ырықсыз етіс, еріндік дауыстылар туралы білімдерін бекіту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап

пысықтау.Мәнерлеп оқытып бағалау.



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген

материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.



IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар, сурет салу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сурет сала аласыңдар ма?

Слайдтағы суреттерді салып беріңдерші?

Топқа бөліну: 1,2,3,4 нөмірлі қима қағадары бар қобдишадан балалар 1 қиманы алып, сол қимадағы нөмірге сай топтасады.

Топ капитаны тағайындалады. Капитандарға бағалау парағы тапсырылады. Олар өз топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырады.

Тақырыпқа шолу («миға шабуыл» , слайдтар)

- Мынау нелер?

- Бұл кімнің суреттері деп ойлайсыңдар?

- Осы суреттерді салған бала неге әуес деп айта аламыз?

- Осындай сурет сала алатын бала қандай бала деуге болады?

- Қалай ойлайсындар, осылай сурет салу кез келген адамның қолынан келе ме?

- Сурет салуға қандай құралдар қажет?

- Ал мектепте біз қай кезде сурет саламыз? болсын.

Жерім берекелі, егінді, қазыналы, нулы, шұрайлы болсын


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Мағынаны тану

1. Мектептегі сурет салуға дарынды оқушылардың және сыныптағы сурет салуға әуес баланың әңгімесін тыңдау. (Абильдина Ариана-4 сынып,). Олардың жұмыстары слайдттар арқылы көрсетіледі.

2. Джиксо– ұжымдық оқыту әдісі арқылы ұйымдастырамын. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертемін. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіремін.
І топ: Оқырмандар тобы. Мәтінді мәнерлеп оқиды және аударады.

ІІ топ: Сөздіктер тобы. Мәтін ішінен жаңа сөздерді тауып аудармасын табады. Ол сөздерді суреттер арқылы көрсетіп, олардан жаңа сөз тіркестерін құрайды. Ватманға суреттерді жабыстырады және түрлі фломастермен жазады.

ІІІ топ: Сөз шеберлері тобы. 2-топ ұсынған жаңа сөзерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдер тақырыбы жағынан бір бірімен байланысты болу керек.

IV топ: Тілшілер тобы. Мәтін бойынша сұрақ- жауап дайындайды.

ІІІ. Тренинг «25- кадр». Тақтада кезекпен сөздер бейнеленеді. Оқушылар жалпы қанша сөз көрсетілгенін және соның ішіндегі ырықсыз етістерді атау керек.

Сурет, Салынды, ілінді, кітап, оқылды, киім, тігілді.

Жауабы: 7 сөз, 4 ырықсыз етіс.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп оқыту

Енді соғыс болмасын!

Қабаққа қайғы қонбасын,

Жер бетін өрт шалмасын.

Әр күні бейбіт таң атып,

Әлпештеп жұртты оятып,

Әр күні көкке күн шықсын!

Күрсінбесін аналар!



Күле берсін балалар!

Үйге тапсырма

Ерлік туралы суреттер.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Менің әуес ісім-фотаға түсіру



Мақсаты

Тақырыпты түсіндіре отырып, дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды қалыптастыру, жаңа сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастыра білуге машықтандыру, мәтін, сұрақ – жауап, грамматикалық тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, ой – өрістерін, сөздік қорын дамыту, қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту.

.

Сабақтың түрі: аралас сабақ



Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап

пысықтау.Мәнерлеп оқытып бағалау.




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Менің әуес ісім - фотоға түсіру.

Сөздік:

Тарих шежіресі – летопись истории

Қызығу – интересоваться

Ерекше туынды – особое проиведение

Қас қағым сәт - мгновение

Байқағыштық - наблюдательность

Дамыған елдер - развитые страны

Жағдай - условие

Авторлық құқық - авторское право

Қаламақы - гонорар

Әлеуметтік жағдайлар - социальные условия

Тыңдалым әрекеті. Мәтінді тыңдау.

Оқылым әрекеті.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Фотоға түсіру - өнердің бір түрі. Сурет - тарих шежіресі. Күнделікті фотоға түсіруге қызығатын адамдар бар. Кәсіби фотосуретшілер ерекше туындылар жасап шығарады.

Фотоөнер - қас қағым сәттің өмірлік шежіресі. Ол ерекше байқағыштықты, керек сәтті тез қағып алуды талап етеді.

Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Олардың авторлық құқықтары, қаламақы және де басқа әлеуметтік жағдайлары заңның аясында шешілген және заңмен қорғалған. Мысалы, Балтық елдеріндегі 12 азамат фотоөнерден Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған.

Сөйлесім әрекеті:

1 - тапсырма.

Мәтін бойынша жұптасып сөйлемдерге біреуі сұрақ құрып, біреуі жауап айтады.

Жазылым әрекеті:

1 - тапсырма. Берілген сөз тіркесте етістіктерді ырықсыз етіске айналдыру

Фотоға түсіру – фотоға түсірілді

Туындылар жасау -

Бір талап ету -

Жағдай жасау -

Заңмен қорғау -


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Тапсырмалар орындау

1 - тапсырма. Керекті ырықсыз етістерді қойып жазу.

Бұл мәселе жиналыста.... Төрағаға көптеген сұрақтар.... Оған түсінікті жауаптар.... Жиналыс ойдағыдай.... Балаларға көмек.... Қорытынды....

Керекті сөздер: жасалды, қаралды, өткізілді, көрсетілді, шешілді, берілді, қойылды.

2 - тапсырма. Сөзді тәуелдеңдер.

Менің әуес іс... Біздің_________

Сенің _______ Сендердің______

Сіздің_______ Сіздердің ______

Оның_______ Олардың_______

ІҮ. Қорытынды. Сөздердің байланысын анықтау.

Сөз неден құралады?



Үйге тапсырма

Өлең туралы әңгіме жазу


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет