Білімділік мақсаты: Өрнектерді өзара салыстыру, артық, кем, тең болатын өрнектерге арналған жаттығуларды өз бетінше шығаруды үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Өрнектердің мәнін санап, олардың кейбіреулерінің жауаптары сәйкес келмейтініне үнемі көңіл бөлуге дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Таза, әдемі жазуға, дұрыс орытуға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекіліктер
BILIMLand.kz
http://bilimland.kz/kk порталындағы «Бастауыш математика» және iMektep.kz білім беру ресурстары.
а) «Бастауыш математика» бөлімінен 1.01.3 1-5 аралығындағы сандар. Қосымша тапсырмалар беру.http://bilimland.kz/kk/home#lesson=1 ә) І тапсырма. Сурет бойынша бес қызды екі орындыққа әртүрлі тәсілмен қалай отырғызуға болатынын түсіндір.
ІІ тапсырма. Әр жолдағы суретке және оның оң және сол жағындағы жазуларға назар аудар. Бос орынға сан жаз.
4+1=5 5-1=□
□+□=5 5-2=□
□+□=5 5-3=□
□+□=5 5-4=□
ІІІ тапсырма. Суретке қарап, 1мен 2; 2 мен 3; 3 пен 4; 4 пен 5; 2 мен 4 сандарын салыстырыңдар.