10 мин
|
ТҮСІНУ (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)
Берілген тақырыпшаны өз беттерімен оқып, түсінуін ұйымдастыру. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасауын қадағалау. Жаңа тақырыпты өздері
игеруін бақылайды
Топтық жұмыс ұйымдастыру:
І топ. (жеке, жұппен, топпен талқылайды)
Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі:
Жәнібек пен Керей хандардан кейін Қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық (1574 – 1511жж) отырды. Бұрындық Самарқанға көшіп кеткесін Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандығы билікті қолына алады.
Қазақ хандығы Қасым хан кезінде саяси мәдени экономикалық әлеуметтік жақсы дамыды.
Қасым туралы:
Бабыр, М.Х.Дулати, Қ. Жалайыри, Ә.Х.Марғұлан пікірлері.
ІІ топ.(жеке, жұппен, топпен талқылайды)
Қасым ханның заңдары:
«Қасым ханның қасқа жолы»
1) Мүлік заңы(жер дауы, мал-мүлік дауы);
2) Қылмыс заңы(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
3) Әскери заң(аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);
4) Елшілік жоралары(майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
5) Жұртшылық заңы(шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл).
ІІІ топ.(жеке, жұппен, топпен талқылайды)
Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты: «Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай ол өзінің бейбітшілік сүйгіш саясатымен халқының махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды» деп жазады Алаш ардагері Әлихан Бөкейханов.
1 миллионнан асатын халқы бар, керек кезінде мұздай қаруланған үш жүз мың әскер жасақтай алса да, Қасым хан жаңа жерлер жаулап алу үшін басқыншылық соғыстар жүргізбей, күш – қуатын елінің тыныштығын қорғауға, мемлекеттің тұтастығын нығайтуға арнады. Сыртқы саясатта көрегендік дипломатиялық қатынастар жасай отырып, Қасым хан елінің ұзақ уақыт тыныштықта өмір сүруіне, мемлекетінің іргесін кеңейтіп, шекарасын нығайтуда асқан дарындылық танытты. Оның тұсында Түркістан аймағындағы қалалар қазақ ұлысына бағынды. Хандықтың шекарасы оңтүстікте Жетісу жерінің дені, солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен Қарқаралы тауларына дейін жетті. Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтып, Сарайшық қаласын бағындырды.
Баласы Жәнібектің сардар Қасым,
Қазақтың біріктіріп құрап басын.
Осы жер ата-қоныс шекараң деп,
Найзамен сызып кеткен шекарасын – деп Мәшһүр Жүсіп жырлағандай, алаштың ардақтысы болған Қасым хан Сарайшықта Алтын Орда хандарының зиратына (пантеон) жеке күмбез соғылып, жерленеді.
|
159-161 - беттегі мәтінді оқып, берілген тапсырманы орындайды. Алған түсініктерін «Постер» арқылы ортаға шығып, бірінің ойын- бірі қорытындылап тұжырым жасайды.
Оқушылар топтық жұмыс жасайды. Әр топ келесі топтың жұмысына талдау жасап, сын айтады. Жеке, жұппен, топпен талқыға салады.
Қасым хан Барақ ханның немересі, Жәнібек ханның ұлы. Шежіре түрінде қарасақ:
Жошы хан
Тоқа Темір
Қоджа Ұғлан
Бәдіғұл сұлтан
Ұрұс хан
Құйыршық
Барақ
Жәнібек
Қасым
Өз заманының шебер дипломаты Қасым хан алғашында Моғолстан мемлекетімен достық одақ орнатып, шайбанилердің Жетісуға төндірген қаупіне тосқауыл қояды. Ойрат- жоңғар билеушісі Амансажының Моғолстанға жасаған шабуылына тойтарыс береді. Ноғай ордасымен, Сібір хандығымен одақтаса отырып, Әбілхайыр ханның мұрагерлерін тізе бүктіреді. Көршілес үлкен мемлекеттердің ішінде Ресей мемлекеті бірінші болып қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Бұл орыс елінде ұлы князь ІІІ Василийдің (1505-1533) билік жүргізген кезі еді. Қасым хан басқарған тұста қазақ елі Еуропаға таныла бастады.
|
Постер.
«Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығы, тарихты оқыту әдістемесі, дидактикалық материалдар, үлестірме қағаздар.
слайд
слайд
|
12 мин
|
ҚОЛДАНУ
Оқушылардың дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай
деңгейлік тапсырмалар береді:
А деңгейінің тапсырмасы
1тапсырма. “Келісемін, Келіспеймін”
Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті қолына алды. +
Қ. Жалайыри деректерінде Қасым хан тұсында халықтың саны 1 миллионнан астам болғандығы айтылды. -
Қасым хан тұсында Батыс Солтүстікте шекара Еділге дейін жетті. -
Қасым хан өмірінің соңында Сарайшықта отырып билік етті.+
Саид хан 1514 жылы Қасым ханнан ойраттарға қарсы күреске көмек беруін сұрады. -
В деңгейінің тапсырмасы
2 тапсырма «Қасым ханның қасқа жолы» сипаттама бер.
«Бағытталған оқу» стратегиясы.
Қасым ханның заңдары
Екі жақты күнделік толтыруын ұйымдастыру.
Маңыздысы
Менің ойым
С деңгейінің тапсырмасы
3 тапсырма « Ретке келтір ». Оқиғаның жүйелілігін анықта.
1. ------------ жылы қыста Шайбани хан Иран шахымен шайқаста жеңіліске ұшырады және Мерв түбінде өлтірілді.
2. ------------ жылы Тахир хан бауыры Тоғым ханмен бірге Орта Азия әміршісі Абд ар- Рашид ханмен шайқаста қаза тапты.
3. Шайбани хан Қараталда Жаныш сұлтанның қыстауына ---------- жылы тұтқиылдан шабуыл жасады.
4. Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі мен Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуі ---------- жылы болды.
5. Қасым хан билікті өз қолына ----------- жылы алды.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын
оқушының жұмысына көңіл бөлу, қадағалау .
|
Берілген тапсырмалардың жауабын тауып, дәптерге жазады. Топпен ақылдасады
Шығармашылықпен жұмыстанатын оқушы орнында жұмыс жасайды.
Экраннан көрсетілген тапсырманы орындап, екеуара тексеріп, бірін – бірі бағалайды
|
Қазақстан тарихы оқулығы, дидактикалық материалдар, оқушы дәптері, атлас, жұмыс дәптері.
|