Сабақ Тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка Класы: 5 Өткізген: Т. А. Картанов Музыка пәні мұғалімі



Дата23.08.2017
өлшемі133,77 Kb.
#25326
түріСабақ
М.Төлегенов атындағы орта метебі.

Музыка


Ашық сабақ

Тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка

Класы:5

Өткізген: Т.А.Картанов


Музыка пәні мұғалімі.

Ақши ауылы

2014 – 2015 оқу жылы

Бекітемін: Күні: Класы:5

Сабақтың тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка

Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушылардың музыкалық дайысын қалыптастыра отырып, өнерге деген қызығушылығын арттыру, халқымыздың ұлттық аспабының құрылысын меңгере білу, адамгершілік, рухани мідени дамуына қол жеткізу

Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық сауаттарын тілін жетілдіру;Ойлау белсенділігін, шығармашылығын дамыту; Дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны таныту арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу;Ұқыптылыққа, жинақылыққа, жылдам ойлауға баулу. Домбырымен орындалатын әуенді түсіне білуге үйрету арқылы ,ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Сабақ уақыты: 45 минут

Сабақ өтетін орын: Музыка кабинеті.

Сабақтың көрнекілігі:Домбыра аспабы,интерактивті оқу құралдары,плакат.аспаптар,музыка.

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту әңгімелеу ән орындау музыка тыңдау

Сабақ техналогиясы: СТО

Пәнаралық байланыс: Тарих,Бейнелеу.

Оқу әдісі: Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау,күй тыңдау.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту


Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: І. Сәлемдесу,сыныптың сабаққа дайындығын қамтамасыз ету,гимн орындау.

                                         ІІ. Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару.



Сұрақ – жауап.

1.Көне аспаптар?

2.Аспаптың құдіреттілігі?

3.Қандай аспап түрлері бар?


II.Жаңа сабақ. Аспанмен тілдескен музыка құдіреті.
Музыкалық аспаптар тек қана музыка ойнап, көңіл көтеру үшін пайда болған деп ойлайтын боларсыздар. Музыкалық аспаптардың шығу аңызына құлақ түрсең, ол саған ғажайып сыр шертеді.Көптеген әлем халықтарында арфа тектес аспаптар бар. Садақтан пайда болған бұл аспаптарды ғалымдар жер бетіндегі ең көне аспаптардың бірі деп есептейді. Мысырда бұл аспапты киелі санап, оның дыбысын құдіретті күшке балаған. Өлген адамның жаны арфа аспабының үнін тыңдайды деп сенген. Сондықтан болар көптеген скандинав халықтары да өлген адамдарды арфамен жерлейтін болған.Ал ежелгі кельт халықтары Дагда атты құдайы арфа аспабын ойнағанда жыл мезгілдері ауысады деп ойлаған.Грек халықтарының арасында арфа аспабының кішкентай түрі лира кең тара тараған. Би мен әннің құдайы Терпсихора лира аспабын ойнаған кезде, жер бетінде мамыражай бейбіт өмір орнайтын болған. Лира аспабы арқылы адамдар құдайлармен тілдескен.Ал түркі халықтарына ортақ жетіген аспабы жайында мынадай аңыз бар. Бұрынғы өткен заманда жеті бөрі – хандар елікті қуамын деп абайсызда аспанға шығып кетеді. Жеті ханның бұл әрекетіне ренжіген Көк тәңірісі, оларды жеті жұлдызға айналдырып жіберген екен. Сөйтіп аспанда жеті қарақшы жұлдыз пайда болады. Сықырлаған аязды түнде олар аспаннан жерге қарап, жетіген аспабын ойнап, жол көрсететін болған. Аспаннан төгілген бұл әуенді естіген адам байлық пен бақытқа кенеледі деп сенген.Қытай халқының жетіген тектес аспабын «Цинь» деп атаған. Ежелгі Цинь аспабы бес ішекті болған екен. Оның әрбір ішегін жердің бес құдіретіне теңеген. Олар – жер, су, от, ағаш және темір. Кейін келе цинь аспабы жеті ішекті болады. Аспаптың алтыншы ішегі өлген жауынгерлердің жанын жоқтау үшін тағылса, ал, жетінші ішек арқылы арқылы соғысқа аттанған жауынгерлерге рух берген екен.
Қытай халқы бұл аспапты киелі деп санаған.
Жетіген тектес аспаптардың сан ғасырлық тарихы бар. Бұл аспапты барлық халықтар киелі аспап санап, оның құдіретті үні арқылы аспанмен тілдескен екен.

Музыка тыңдау. Арфа аспабының сүйемелдеуімен.




480×360

Музыка тыңдау:

Халық күйі. «Келіншек»



«Бұл қай аспап»? ойыны.

Дидактикалық ойын «Жоғалған нотаны тап»

До, Ре, Соль, До, Фа.... ....

Соль, Ля, Си, Си, Ля.... ....

Ре, Ми, Соль, Ре, Ми .... ....

Соль, Си, До Ля, Си .... ....

Ля, До, Ми, Фа, Соль .... ....

Ми, Фа, Соль, До, Ре .... ....

Си, Ля, Фа, Ми, Ре .... .....



Музыкалық сауат:

Соль – нотасы екінші сызықтың бойында орналасады.



Музыкалық диктант:  до, ми, фа, ре, ми, ре, соль, ми, до.

Сабақты қортындылау: 
1.Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?
2.Арфа аспабының үнін қандай құдіретті күшке балаған?
3.Жетіген аспабы туралы қандай аңыз сақталған?
4.Қытайдың цинь аспабының әрбір ішегі нені білдіреді?

IV.Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың білімін саралап тиісті бағасын қою.

Үйге тапсырма беру:  Аспанмен тілдескен музыка құдіреті туралы оқып келу.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет