IV. Бекіту сұрақтары:
Тест.
1.Астрономия нені зерттейді?
а) табиғат құбылыстарын
ә) ғарыш кеңістігіндегі денелер жүйесіндегі құбылыстарды
б) галактикаларды
2. Әуелі күннен табылған газ-
а) сутек
ә) оттек
б) гелий
3. Астрономия нысандарын физикалық әдістермен зерттейтін бөлігі-
а) астрофизика
ә) ғарышкерлік (космонавтика)
б) ғарыштану (космогония)
4. Әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын зерттейтін –
а) астрофизика
ә) ғарышкерлік (космонавтика)
б) ғарыштану (космогония)
5. аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін –
а) астрофизика
ә) ғарышкерлік (космонавтика)
б) ғарыштану (космогония)
6. Галактика деген –
а) планеталар жүйесі
ә) жұлдыздар жүйесі
б) тұмандықтар мен бұлттар
7. Күннен Жерге дейінгі қашықтық –
а) 150 км
ә) 150 мың км
б) 150 млн. км
8. Күннен жарық Жер бетіне
а) 3 минутта жетеді
ә) 8 минутта жетеді
б) 300 минутта жетеді.
9. Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша неше топқа бөлді?
а) 5- топқа
ә) 2 -топқа
б) 3- топқа
10. Біздің Галактика –
а) спиральдық
ә) эллипстік
б) бұрыс
11. Біздің Галактиканың жасы –
а) 5 млрд. жыл
ә) 15 млрд. жыл
б) 12 млрд. жыл
12. Күннің пайда болғанына –
а) 5 млрд. жыл
ә) 15 млрд. жыл
б) 12 млрд. жыл
V. Қорытындылау.
Сабақты қорытындылай келе
«Қараңғы қазақ көгіне ,
өрмелеп шығып, Күн болам
қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда , кім болам», – деп XIX ғасыр ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай
«Жеті қат көкке шыққандай, білімді болсын XXI ғасырдың әрбір қазақ баласы»
деген тілекпен аяқтағым келеді.
VІ.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |