Негізгі қорытындылар: – Гидравликалық машина – Паскаль заңы негізінде жұмыс істейтін машина.
– Гидравликалық пресс –пресстеу үшін қолданылатын машина.
– Гидравликалық пресс күштен сонша есе ұтыс береді, қанша есе үлкен поршень ауданы кіші поршень ауданынан үлкен. –Гидравликалық престің жұмыс істеу принципі Паскаль заңына негізделген.
Ендері әр түрлі екі қатынас ыдыс бірдей сұйықпен толтырылған және аудандары әр түрлі S1және S2 (S2 > S1) екі поршеньмен жабылған. Паскаль заңы бойынша екі ыдыстағы қысым барлық жаққа бірдей беріледі p1=p2 , Сондықтан,F2 күш F1 күштен сонша есе кіші, қанша есе S2 аудан S1 ауданынан үлкен.
III-ші топ.
Поршеньді сорғының жұмыс істеу принципімен танысыңыз және келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Поршенді сұйықтық сорғының құрылысы қандай?
2. Поршенді сұйықтық сорғының жұмыс істеу принципі қандай?
3. Су құбырының жұмыс істеу принципі қандай?
Қорытынды: Поршенді сұйықтық сорғының жұмыс істеу принципі атмосфералық қысымның әсерінен сұйықтың поршень көтерілген кезде қысымы азайған аумаққа көтерілуіне негізделген.
Қосымша1,
Қосымша 2,
Қосымша 3,
Қосымша 4-
Үлестірме материал сабақ соңында барлық оқушыға таратылады
Презентация, гидравликалық парадоксты демонстрациялайтын қүрал,гидравликалық пресс пен сорғының модельдері.
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
10 мин
Алған білімді қолдану, сапалы есептерді шығару. 1) Шыны стаканды суға салыңыз, оны судың астында төңкеріп суға толтырып алыңыз, баяу көтеріңіз. Неге стакан жиегі су астынан шыққанша дейін су төгілмейді?
2) Стаканды сумен толтырыңыз, оның бетін бір парақ қағазбен жабыңыз. Парақты қолмен ұстап тұрып, стақандды тез төңкеріңіз. Енді қолыңызды алған кезде су төгілмейтінін түсіндіріңіз.
3) Неге атмосфералық қысымды су бағанының қысымы сияқты есептеуге болмайды?
4) 1648 ж. Блез Паскаль келесі экспериментті жасады. Ол ағаш бөшкеге өте жіңішке ұзын түтікті орнатты, содан кейін үйдің екінші қабатына көтеріліп, түтікке бір стакан су құйды. Түтік жіңішке болғандықтан, су деңгейі өте жоғары болды. Бөшкенің темір құрсаулары үлкен қысымға шыдай алмай үзілді, бөшке жарылып кетті. Түсіндіріңіз, неге?
5) 1654 ж. Герике әйгілі «магдебург жартышарлармен» эксперимент жасады. Экспериментті тамашалауға император Фердинанд III және Регенсбургск рейхстаг мүшелері келді. Олар ауа сорылып алынған екі жартышарды бірнеше қос аттардың айырып алмағанының күәсі болды. Түсіндіріңіз, неге?
6) Атмосфералық қысымның табиғаттағы көріністеріне мысалдар келтіріңдер(презентация, бейнефильм көрсету арқылы)