Сабақ тақырыбы Қатынас ыдыстар. Паскаль заңы. Торричелли тәжірибесі. Атмосфералық қысым 3-сабақ


II. Гидростатикалық қысым түсінігі енгізіледі



бет4/6
Дата01.02.2023
өлшемі51,32 Kb.
#167113
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 Паскаль заңы Атмосфералық қысым Сабақ жоспары

II. Гидростатикалық қысым түсінігі енгізіледі.
Ыдысқа құйылған сұйық бағанының салмағымен ыдыс түбіне түсірелетін қысым гидростатикалық қысым деп аталады.
III. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін саралау принципі бойынша әр түрлі деңгейдегі үш топқа тапсырмалар беріледі.
(топтарда өзіндік жұмыс - 7 минут + жұмысты талқылау әр топ үшін 3 минут + мұғалімнің презентация бойынша қорытындылауы әр топтан кейін 2 минут).
1-ші топ ( визуалды, экзистенциалды интеллекті бар оқушылар )
I.Торричелли тәжірибесі
1. Өзінің тәжірибесінде Торричелли бір ұшынан бекітілген, ұзындығы 1 метр шыны түтікшені қолданды. Осы түтікті сынаппен толтырып, ашық шетін саусақпен жауып тұрып, сынап құйылған кең ыдысқа төңкерді. Саусағын алғаннан кейін, ыдыстан барлық сынап төгілмегенін бақылады. Сұрақ: неге барлық сынап төгілмеді?
2. Түтікте қалған сынап бағанының биіктігі 760 мм болды. Осы нәтиже бойынша қандай қорытынды жасауға болады?
3. Сынып бағанының биіктігі ауа температурасына және географиялық ендікке тәуелді ме?
4. Атмосфералық қысымды өлшеу үшін қарапайым құралды ұсыныңыз.


Тәжірибе бойынша қорытындылау:
Атмосфералық қысым – бұл ауа бағанына әсер ететін ауырлық күшінің Жердің бірлік ауданына түсіретін қысымы.
1664 жылы жасалған Торричелли тәжірибесі атмосфералық қысымды өлшеуге мүмкіндік берді.
760 мм сынап бағанының қысымына тең атмосфералық қысым 0 °С температурада тұрақты атмосфералық қысым деп аталады.
Осы қысымды Па-мен анықтау үшін гидростатикалық қысым формуласын қолданайық:
p = ρgh
ρ = 13595,1 кг/м3 (сынап тығыздығы 0 °С), g = 9,80665 м/с2 (еркін түсу үдеуі) және h = 760 мм = 0,76 м
p = 101 325 Па.
Бұл тұрақты атмосфералық қысым.
Тұрақты атмосфералық қысым теңіз деңгейінде кездеседі, тауларда қысым азаяды.


II-ші топ (лингвистикалық және логикалық интеллекті бар оқушылар).
Гидравликалық пресстің жұмыс істеу принципімен танысыңыздар және келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Гидравликалық пресс деп нені атайды?
2. Гидравликалық пресстің құрылысы қандай?
3. Паскаль заңы негізінде гидравликалық пресстің күштен ұтыс беретінін түсіндіріңіз.
4. Гидравликалық домкрат пен гидравликалық тежегіштің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет