Байланысты: 3 Паскаль заңы Атмосфералық қысым Сабақ жоспары
Презентация бойынша Паскаль заңының тұжырымдамасын еске түсіру. Оқушылармен сұхбаттасу нәтижесінде сабақ мақсаты тұжырымдалады: Паскаль заңының өмірдегі көріністерін қарастыру, гидростатикалық қысым және атмосфералық қысым түсінігін енгізу.
Осы орайда үшінші ыдыстағы судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы да ең үлкен болу керек деп ойлаймыз. Бұны тексеру үшін әр ыдыстың түбіне резенке тағып, олар қаншалықты созылатынын анықтайық.
Резенкелердің бірдей денгейге дейін созылуын, яғни, осы ыдыстардағы сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы бірдей болатынын бақылаймыз. Осы эксперимент нәтижесінде келесі қорытынды жасаймыз: сұйықтардың ыдыс түбіне жасайтын қысымы ыдыс пішініне тәуелді емес.
Біз парадоксқа куә болдық (грекше «парадоксос» – күтілмеген жағдай). Бұл гидростатикалық парадокс деп аталған (грекше «гидор» – су, «статос» – қозғалмайтын).Оның физикалық мағынасы мынадай: сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық салмағына тәуелді емес. Бұл парадоксты қалай түсіндіруге болады? (Сыныппен жұмыс)
Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын қалай анықтауға болады? p=F/S
F=mg, m=ρV, F= ρV g, p= ρV g/S = ρ g h
Формулада сұйықтың массасы да, салмағы да жоқ. Қорытынды: ыдыс түбіне түсірілген қысым сұйық массасы мен салмағына тәуелді емес, ол тек қана сұйық тығыздығына және сұйық бағанының биіктігіне тәуелді.