Жетістік критерийлері
|
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді .
Жаттығуларды ретімен орындайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
қабылдау, допты ойынға қосу соққы, дәлдік, пас, жалғау шабуыл, қорғаныс
тактика, техника, стратегия, шешім қауіпсіздік, ойын ережесі қорғаушы, шабуылдаушы, ойыншы жалғастыру ойын комбинациясы
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды белсенділікке, патриоттыққа, болжай білуге, өз ойын жеткізуге тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ тілі, физика, жас өспірімдер физиологиясы.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
|
Бастапқы білім
|
Спорт ойындарын ойнау шеберлігін меңгерту.Білім алушылар командалық ойындардың түсініктерін біледі.
|
Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Дайындық бөлімі.
Білім алушылардың сәлемдесіп зейінін шоғырландырып,бірге сабақ мақсаттарын/ОМ/ анықтап алу. Техника қауіпсіздігі. Спорттық киімдеріне назар аудару. Жаңасабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.
Кең алаң
Ысқырық,секундомер,доптар
|
Сабақтың ортасы
25мин
|
(С, Т, ҚБ) Допты жалғау. Оқушылар міндеті: жоғарға
лақтырылған допты «жүрекше» тәріздес ұсталған саусақтардың басымен серіктесінің бағытына қарай қағып
жіберу, қабылдауда доптың ұшуын қадағалау, қарсы қозғалыспен саусақтардың ұштары арқылы бастан жоғары
қабылдау, ал үлкен жылдамдықтағы допты төменнен білектермен қабылдау; допты алақандармен қағып
жібермеу тордың үстімен ойнау кезінде оны қолмен ұстамау,торға қарай бірін-бірі итермеу Оқушылар шағын
топтарда жоғарыдан жалғауды орындайды: ) жалғау тәсілдері бойынша: - екі қолмен;
- бір қолмен. б) өңдеу биіктігі бойынша: - тұру қалпынан;
- секіруден; -жартылай отырудан.
в) беру бағыты бойынша: өзінен жоғары;
-алға –арқадан -жанымен
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Сабақ соңында білім алушыларға рефлексия жүргізіледі:
Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі секіру жаттығуларында оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және үдерісін дамытып, дағдыларын бақылау.
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |