Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік техника ережелерін сақтау Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет22/163
Дата07.02.2022
өлшемі6,85 Mb.
#97123
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   163
Байланысты:
6 сын ҚМЖ ұлдар




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Графика. Орындалу техникасы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.4 Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау.

Сабақ мақсаттары

Шығармашылық жұмыс кезінде сызықты сурет бойынша дағдысын көрсету.



Бағалау критерийлері

графика техникалары және материалдарымен эксперимент орындау;
портретті салу үшін техника мен материалдарды анықтау.

Тілдік мақсаттар



Материалды ұсыну барысында сабақта қозғалған жаңа терминологияларды қолдану. Сұрақтарды қою және мысалдарды келтіре отырып, оларға аргументті жауап беру.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

  • Графика, пішін, сангина, постель және т.б.

  • Бұл портрет .... көмегімен салынды.

  • Бұл материал .... көркем. Себебі....

Құндылықтарды дарыту

Әртүрлі дәуірде, әртүрлі елдердің суретшілерімен жасалған туындыларды талдау арқылы толеранттылықты дәріптеу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет.

АКТ қолдану дағдылары

Ақпарат көзі ретінде ғаламторды қолдана алады.

Бастапқы білім



Өткен сабақтардан оқушылар портреттің не екенін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет






Сабақтың басы



Сұрақтарға жауап бер.
Қандай портрет сай емес?
Портретті салу үшін суретшілер қандай материалдарды қолданды?
Кескіндеме өнері жайлы не білдік, не үйрендік?
Кескіндеменің қандай шығармалары бар?
Қандай кескіндемеші суретшілерді білесіңдер? – деген сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақты баяндау
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері анықталады.

(слайд1)

Сабақтың ортасы



Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды.

Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. Гравюрлеу француздың grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол XIII - XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т. б. болып бөлінеді. Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған.


Топтық жұмыс
1 - жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескіш арқылы ені 1 – 1, 5 мм – ден аспайтын арықша бедер жүргізу керек. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 1 - 1, 5мм болатын сызық жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10 х 10 см. көлемде тік төртбұрыштарға тілу керек.
2 – жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасау, тақтаның бетін тегіс толтыру керек.
3 - жаттығу. Шеңберсызғышпен шеңбер сызып, оларды да кескішпен тіліп, арықша жасау.
Сұрақтарға жауап бер:
* Графикалық сурет салу үшін қандай материалдарды білесіңдер?
Графика арналған материалдарды таныстыру.
Қарындаш, линер, сангина, көмір, қаламсам, пастель, балауыз борлары және т.б.
Оқушылар материалдармен эксперимент жүргізеді. Топтарда штрих, нүктелі және т.б. сурет салады.
Бейнематериалдарды тамашалау.
Портреттерді қарастырып, сұрақтарға жауап бер.
- Портрет қандай материалдармен орындалған?
- Көркемдік материалдың қандай ерекшелігін айта аласыздар?
Практикалық тапсырма
А3 альбомын оқушылар 4 бөлікке бөледі. Әр бөлігінде әртүрлі материалдармен оқушылар адамның бет әлпетінің суретін салады. Мысалы: көз - түрлі түсті қарындашпен, мұрын - қарындашпен, ерінді - борлармен, құлақты - қаламсаппен.
Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.
Сұрақтар қою
1. Графика жасау техникаларына не жатады?
2. Графика өнері дегеніміз не?
3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?
4. Қандай графика өнермен таныс болдық? – деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.




Сабақтың соңы

Бағалау
Оқушылар кішігірім көрме ұйымдастырады. Бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды.
Рефлексия
Сұрақтарға жауап беру.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Анағұрлым қабілетті оқушылар тапсырманы күрделендіріп орындай алады.



Оқушыларға сабақ барысында сұрақ қою. Және тапсырманың дискрипторларына сай бір-бірін бағалау.

Көркемдік материалды ұқыпты қолдану.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет