Білімділік: Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылымымен таныстыру және қазақтың сот төрелігі, билік айту жүйесі мен таныстыру, билердің тарихтағы алатын орны мен қызметіне тоқтала отырып, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет беру және толық түсінік беру.
Білімділік: Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылымымен таныстыру және қазақтың сот төрелігі, билік айту жүйесі мен таныстыру, билердің тарихтағы алатын орны мен қызметіне тоқтала отырып, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет беру және толық түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларға қызықты болу үшін қазіргі басқару жүйесі мен қазаіргі басқару жүйесін салыстыру және өткен ғасырдағы төрелік айтумен таныстыру сонымен қатар қазақ батырларына тарихи тұрғыда баға беруге баулу.
Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырының ерлігін дәріптеп ерлігін үлгі етуге және қара қылды қақ жарған әділ болуға және қазақ жүздерінің басшыларының қызметтерін үлгі етіп жастардың бойына сіңіру.
Төле би (1663–1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері, шешен, ұлы жүздің басшысы. Қазақ хандығының одан әрі өмір сүруіне пайдалы қағидаларын жасады.
Мысалы:
Болмас іске қарыспа,
Біреуге ор қазыспа,
Жауыздық іске барыспа деген сияқты нақыл сөздері ел аузында сақталған.
Төле би 93 жасында қайтыс болған. Ташкентте жерленген.
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Төле және Әйтеке бимен бірігіп жеті жарғыны жасауға қатысқан. Өзінің мәмлегер қызметін 48 жасында бастаған. 1740 жылы 900 бидің басын қосып, жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкелді.
Нақыл сөздері:
«Даудың артын қыз байлайды, судың артын шым байлайды» «Бір бала бар — атаға жете туады,
Бір бала бар — атадан өте туады,
Бір бала бар – кері кете туады»
Әйтеке Байбекұлы (1682 –
1766 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. 24 жасынан бастап би болған.
Нақыл сөзі:
«Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін»
Қазақ батырлары
Бөгенбай батыр
1680-1778 жж Түркістан өңірінде дүниеге келген.
50 жылдан астам қазақ халқының қолын бастады. 1778 жылы қайтыс болып Қ. Н. Яссауи кесенесінде жерленген.
Қабанбай батыр
1691-1769 жж өмір сүрген. Шын есімі- Ерасыл. Оны жеңгелері нарбала деп атаған.
Бас сардардың міндетін атқарған. Абылай ханның жарлығымен дарабоз батыр атанған.
Наурызбай батыр
1706-1781 жж өмір сүрген. Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтас деген жер Наурызбай батырдың қонысы болған екен. 20 жылдан бастап жоңғарлармен болған шайқастарға қатысты. 1750 жылы жаудан Жетісу жерін босатты.
Баян батыр
1710-1757 жж өмір сүрген. Абылай ханның өзі оны тапқырлығы, алғырлығы үшін ерекше құрметтеген. Қазақ –жоңғар соңыстары кезінде көрсеткен ерліктері үшін халық “Батыр-Баян” деп атаған.