Сабақ тақырыбы: Қазақ сазгерлері Сабақ мақсаты: Қазақ халқының ұлы адамдар өмірімен



Дата26.08.2017
өлшемі43,06 Kb.
#28004
 Қазақ  тілі                                                    7  сынып             күні:

 Сабақ  тақырыбы:     Қазақ  сазгерлері   

 Сабақ  мақсаты: 1. Қазақ  халқының  ұлы  адамдар  өмірімен                      

                                    танысуды  жалғастыру.

                                2. Өзін еркін ұстауға,  өз ойын түсінікті жеткізе          

                                   білуге, тіл мәдениетін сақтауға дағдыландыра      

                                   түсу сол арқылы тіл байлығын арттыру.

                               3. Үлкендерді  сыйлауға  тәрбиелеу.

 Сабақтың  түрі:   жаңа   сабақ

  Әдісі: түсіндіру, жазу, оқу

 Көрнекілігі: портреттер,  слаид, домино,  ребус,  күннің  көзі  мен  бұлттар

 Сабақ  барысы:

I.Ұйымдастыру  кезеңі

А)Амандасу

Ә) Рапорт

II.Үй  тапсырмасын   тексеру

III.Сабақ  мақсаты  мен барысын  айту

IV. Жаңа  сабақ

 1.Психологиялық  ахуал

-бір-біріне жақсы тілектер  айту

 2.Жаңа тақырыпты  түсіндіру

-ребус  шешу  арқылы  жаңа  тақырып  атын  шешу

-жаңа  тақырыпты  түсіндіру

 -кіріспе  сөзімді  айтамын

     Балалар  бүгін  біз  сіздермен  қазақ  сазгерлері  тақырыбымен  танысамыз.  Өткен  сабақта  күй  аңыздарымен  танысқанбыз.  Онда  да  күйлер  мен  оны  жазушылар  туралы  мағлұмат  алған  болатынсыңдар.   Бүгін  сол  тақырыпты  жалғастырамыз.

  Ахмет  Жұбанов 1906  жылы  туып,  1968  жылы  қайтыс  болған.  Ол  Қазақстанның халық  артисті,  қазақ  әндерін  зерттеуші,  академик,  өнер  ғылымының  докторы,  профессор.  Ахмет  Жұбанов Ақтөбе  облысында  дүниеге  келген.  Әнге  деген  қызығушылығын  ол  әкесі  мен  ағасынан  алған. Бала  кезінен  домбыра  мен  скрипкада  ойнаған.  Алматы  консерваториясында  халық  аспаптар  кафедрасын  басқарған.  Ол  Құрманғазы  атындағы  халық  аспаптар  оркестірін  құраған.  Ол  Құрманғазының шығармашылығын  зерттеп, оның   күйлерін  оркестрмен  ойнау  үшін  келтірген.  «Ғасырлар  пернесі»,  «Замана  бұлбұлы»  атты ән  өнерінің  тарихын  жазған.  Көптеген  әндерге  музыка,  пьессалар  және  опералар  жазған.

 

Құрманғазы  Сағырбайұлы  1818  жыл  Бөкей  ордасында  Жиделі  тоғайы  (қазір Жаңақала  ауданы, Батыс – Қазақстан  облысы) кедей  Сағырбай  киіз  үйінде дүниеге  келген. Бала  кезінен  домбырада  ойнаған.  Ерте  кезден  байқала  бастаған  әнге  деген  қызығушылығы  әкесі  жақтырмады. Құрманғазының  шешесі  Алқа болса  ашық –жарқын   тұлғалы  адам  ұлының  музыкаға  деген  қызығушылығын  құптады.   6  жас  шамасында  кедейліктің  қыспағынан  қой  бағуға  берілді. Оның  көптеген  күйлері  бар.  Олар  Сарыарқа, Алатау,  Кішкентай,  Балбырауын  және  т.б



-Слаид  көрсету.  Сол  арқылы  әңгімелесу.

 

 Сабақты  қадағалап,  топтарды бағалап  отыратын  жюри  таңдап  алу.  Сыныпты   екі   топқа   бөлу

 

2. Жаңа  сөздермен  танысу. Тақтадағы  жұмыс



-жаңа сөздерді оқиды

-кезекпен  оқиды

-дәптерге  жазып  алады

-жаңа сөздерді қаншалықты есте сақтағандары бойынша «Домино» ойынын ойнату.

(Домино парақшаларының бір жақ жартысында қазақша, екінші бөлігінде орысша атаулар жазылған. Әр шағын топтың оқушылары атаулардың аудармасын тауып,  домино парақшаларды ұзынынан қою арқылы домино ойнайды.  Доминоны  тақтада  ойнайды.  Әр қағазды пластелин  немесе скоч  арқылы  тақтаға  жапсырып,  әр  топ  өзара  жарысады. Қай  топ  жылдам  орындаса  сол  топ  жеңімпаз).

3. Кітаппен  жұмыс.  Мәтінмен  жұмыс. Ауызша  жұмыс

-мәтінді  ішінен  оқып,  дайындалады

-кезекпен  оқып,  бірге  аудару

 -мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру  (сұрақтар  тақтада  ілулі  тұрады) 
қай  топ  сұрақтарға   дұрыс,  айқайламай,  қол  көтеріп  жауап   берген  топ  жеңеді.

1. Құрманғазы  Сағырбаев кім? 


2. Құрманғазының  күйлері 
3. «Құрманғазы»  атты  поэманы кім  жазды? 
4. Құрманғазы  атымен Алматыда  не  аталады? 
5. Құрманғазының  портретін  жасаған  суретші

 

 



4. Сергіту  сәті «Мені таны» ойынын  өткізейік. 
Ойынның шарты:  бір  портертті  ұстап  тұрамын  олар айқайлама,  қол  көтеріп  жауап  береді.  Әр  топтың  портреттері  әр – түрлі. Онда күйші-сазгерлердің,  оқушылардың портреттері көрсетіледі,  қай  топ  дұрыс  жауап  беріп,  қателеспесе  сол топ  жеңімпаз.(Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісова,  Біржан сал,  Ақан сері,  Балуан Шолақ,  Абай,   «Ұлытау тобы» т.б

5. Дәптермен  жұмыс

3-тапсырма. Сөйлемдердегі  кірме  сөздерді  теріп  жаз,  нүктелі  сөздерге  тиісті  көптік  жалғауларын  қойып  жазыңдар.

  Жауап  үлгісі:  композитор,   оркестрінің,  дирижері,  операсы,  спектакль,  кинофильмдерге,  музыка.

   Жылдар,  аспаптары,  жылдарында,  әндері,   спектакльдер,   кинофильмдерге,

 

-тақтаға  топ  командирлері  келіп  жұмыс  істейді

 

1-тапсырма.  Мәтін  ішінен  септік  жалғаулары  бар  сөздерді  көшіріп  жазып,  олардың  септіктерін  көрсет.



Жауап  үлгісі: Қазақтың,  музыкасының, озбырлыққа,  жолында,  түрмеден, 

 

4-тапсырма.Кестені  толықтырып,  «Қазақ сазгерлері»  деген тақырыпқа  әңгіме  дайындаңдар.



 

V.Үй  жұмысы

VI. Қорыту 

Оқушылар  өздеріне  қаншалықты  сабақ  ұнаса  солай  қарай   сабақты да бағалайды. 

 

                    Өте  ұнады                 ұнады                  ұнамады



деген  үш  бұлт  тақтада  ілулі  тұрады,  оқушыларға  сабақ  өте  ұнаса  сол  бұлтқа  қояды,  ұнамаса  ұнамады  деген  бұлтты  жабады.

VII. Бағалау



Оқушыларды біліміне, өз ойын, пікірін дәлелдей алу қабілетіне қарай бағалау.

 
Каталог: uploads -> doc -> 07cc
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07cc -> Сабақ Әліппе Тақырыбы: «Ү дыбысы мен әрпі»
07cc -> БҚО Әкімдігі білім басқармасының
07cc -> Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №2 мектеп-гимназия
07cc -> Дауысты дыбыстар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет