Молжигитова Рита Маратовна
Ақтөбе қаласы, №16 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Қазақ тілі
(орыс кластарында)
7 класс
Сабақтың тақырыбы: Қазақ сазгерлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақ халқының атақты сазгерлері мен олардың шығармалары туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық: қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: қазақ музыкасына деген қызығушылығын арттыру, сүйіспеншілігін күшейту; өнерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық тапсырмалар
Сабақта қолданатын технология: интерактивті оқыту технологиясы
Көрнекілігі: электрондық оқулық, ноутбуктар, слайдтар, үнтаспадағы күйлер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлу. Әр тапсырмадан соң түрлі түсті фигуралар беріледі. Жасыл түс – дұрыс жауап, Көк түс – жауап толық емес, Қызыл түс – жауап дұрыс емес.
ІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-
«Миға шабуыл» Күй аңыздары туралы не білесіңдер?
-
Электрондық оқулықпен жұмыс жасап, сөйлемдердегі септік жалғауларын анықтау.
ІV.Жаңасабақ.
-
Мағынаны тану. Слайдтарды пайдалана отырып, Құрманғазы Сағырбаев пен Ахмет Жұбанов туралы әңгімелеу
-
Күйлер тыңдау: Құрманғазы Сағырбаевтың «Адай» күйі, А.Жұбановтың «Би» күйі
-
Сөздік жұмысы. Жаңа сөздерді оқып, дәптерге жазу. Оларды есте сақтағандарын бақылау мақсатында «Домино» ойынын өткізу.
-
Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді іштерінен оқиды. Тақтадағы сұрақтарға топтар кезекпен жауап береді.
-
Құрманғазы Сағырбаев кім?
-
Күйші қай жылдары өмір сүрген?
-
Оның қандай күйлері бар?
-
«Құрманғазы» атты поэманы кім жазды?
-
Күйшінің портретін жазған суретші кім?
-
Құрманғазы атында не бар?
-
«Мені таны» ойыны. Оқушылар слайдтардан көрсетілген портреттер бойынша атақты сазгерлерді атайды. Олар: Қорқыт ата, Дина Нұрпейісова, Ахмет Жұбанов, Ғазиза Жұбанова, Мұқан Төлебаев, Құрманғазы Сағырбаев, Шәмші Қалдаяқов.
-
Диалог. Ахмет Жұбанов туралы оқып, мәтін үлгісінде «Сұхбат» жүргізу. 1-топ - А.Жұбанов туралы; 2-топ - М.Төлебаев туралы сұхбат жүргізеді.
-
Дәптермен жұмыс. 3-тапсырма. Сөйлемдердегі кірме сөздердің астын сызып, тиісті көптік жалғауын қойып жазу.
V.Рефлексия. Не білдім? Не ұнады? Не білгім келеді?
VІІ Бағалау. Түрлі түсті фигуралар арқылы бағалау.
VІІІ.Үйге тапсырма беру: 4-тапсырма. Кестені толықтырып, «Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа әңгіме дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |