Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл 1-сағат Жалпы мақсат



бет86/102
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#96305
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102
Байланысты:
0006ff0f-4cc121bf

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.





Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.




Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту



Жаңа тақырып

Ә)Үй тапсырмасын сұрау:
«Арқан тарту» ойыны арқылы жүргізіледі.
 Синтаксис нені зерттейді?
 Сөздердің байланысу түрлерін ата.  
Синтаксистік қатынастың неше түрі бар? Оларды ата.
   Анықтауыштық қатынас дегеніміз не?
   Мысал келтір. 
Б)Жаңа сабақты меңгерту:
 Меңгеріле байланысқан есімді, етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен толықтауыштық қатынаста жұмсалады да, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін тура я жанама обьектісін, я сол обьектіге қатысын білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен? деген сұрақтар қойылады: хатқа (неге?) жауап, оқуды (нені?) бітірді, балуанмен (кіммен?) күрестіт.б.
 Мысалдармен жұмыс. Толықтауыштық қатынасқа мысалдармен жұмыс
-  Орта Азия мемлекеттері  «Аралды құтқару» қорын ұйымдастырды.
-  Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. 
-  Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі теңіздің су деңгейінің азаюына, оның екігебөлінуіне әкеліп соқтырды.
Оқулықпен жұмыс
 «Бәйге» ұлттық ойыны.
 Берілген сызықтарға ел, халық туралы 8 мақал жазылған. Сызық боымен сызғышты жүргізе отырып, сол мақалдарды табу, синтаксистік қатынас түрлерін анықтау.  
Аукцион ойыны
 Теңіз ұлтанынан қалған көне жәдігерлерді аукцион әдісі арқылы оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы сатып алады. Яғни берілген сөйлемдерден  толықтауыштық қатынастарды табу, олардың қалай жасалып тұрғанын анықтау.
Тапсырмалар:
-  Аралдың апатқа ұшырағанға дейінгі тереңдігі- 30-60 метр, тұздылығы-10-12 пайыз болған.
-  Теңіз өңірінде орналасқан елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Оқушылар сергіп, демалады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет