Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл 1-сағат
Жалпы мақсат:
Білімділік:Оқушылардың мемлекеттік тіл, ҚР “Тіл туралы
Заңы” жайында түсінік беру
Дамытушылық: ойды айшықты жеткізу турасында білім дағдысын
қалыптастыру
Тәрбиелік: ынтымақтастыққа жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі:
Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар:
Проектор, үнтаспа
Оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тест тапсырмалары
1. Лексика нені зерттейді?
а. Тіл дыбыстарын
ә. Сөз мағыналарын, сөздік қор мен сөздік құрамды.
б. Сөз тіркестерін
в. Тыныс белгілерін
2. Көнерген сөздерді табыңдар?
а. Уәзір, болыс, ояз
ә. Тұқым, тоқаш, кәсе
б. Қырықтық, қой тоғыту
в. Құжат, кеден, сынып
3. Диалект сөзді табыңдар?
а. Сым, бәдірен
ә. Ұлтан, қайыс
б. Қорамса, садақ
в. Тулақ, шекпен
4. Жаңа сөздерді табыңдар?
а. Зейнетақы, келісімшарт
ә. Тарих, диірмен
б. Ұршық, шошала
в. Қойма, атыз
5. Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңіз?
а. төрт
ә. ешкі
б. сауысқан
в. гүлдер
6. Тұрақты сөз тіркесін анықтаңдар?
а. Құлақ аспау
ә. Құлақ-дене мүшесі
б. Құлағы жаурады
в. Өз құлағымен естіді
Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып
«Қазақ тілі- мәдениеттің бір белгісі ретінде барлық Қазақстандықтарды біріктірудің негізгі факторы болуға тиіс және қазақ тілін одан әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек». Н.Назарбаев
Ұлттың тілі – оның жаны, рухы, жүрегін соқтырар қантамыры іспетті: ал сол күретамырдан айырылса, адамның күні не болары белгілі, өз басым жуық арада ұлтымның тілі жойылады деп ойламаймын. М.Әуезов
ББҮ әдісі
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Тіл туралы заң қабылданғанын
Ана тіліміз-қазақ тілі
Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын таңбалар:
Елтаңба
Әнұран
Ту Тіл туралы заң қай жылы қабылданғанын
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік тілі-қазақ
тілі екендігі жайында заңның нешінші бабында көрсетілгенін
1989 жыл
22 қыркүйек “Тіл туралы” Заң” қабылданды.
1989 жыл “Тіл туралы” заңды жүзеге асыру үшін “Қазақ тілі” қоғамы құрылды.
1993-1995 жылдар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.
1993 жыл Тіл комитеті құрылды.
1996 жыл 4 қарашада Қазақстан республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тіл саясаты» Тұжырымдамасы мақұлданды.
1997 жыл 11 шілде “Тіл туралы” Заң толықтырылып қайта шықты.
1998 жыл “Тіл туралы” Заңды күшіне ендіру туралы Мемлекеттік бағдарлама жасалды.
2007 жыл “Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған” Тұжырымдамасы қабылданды.
2011-2020 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы
4-жаттығу Мәтінмен танысқан соң, «Қазақ тілі- мақтанышым» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар.
Сергіту сәті
«Мен, қазақпын» әніне бейнеклип арқылы жаттығу жасату