Сабақ тақырыбы: «Қазақстан Республикасына 25 жыл» «25 year of Independence»



Дата10.07.2017
өлшемі450,38 Kb.
#20960
түріСабақ
№1 Жалпы орта білім беретін мектеп – лицейі

Ашық сабақ тақырыбы:

«Қазақстан Республикасына 25 жыл»

«25 year of Independence»

«25 лет независимости Республики Казахстан»

ӘНҰРАН

ЕЛТАҢБА ТУ

Ағылшын тілі пәнінің жетекшісі: Муканова А.

С.Шапағатов селосы – 2016 жыл

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасына 25 жыл»
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері қастерлеуге тәрбиелеу.
Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, ұлттық рәміздерді қастерлеуге, халқының тегін, тарихын ұмытпауға ұмтылдыру.

Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Қазақстан республикасының 25жылдық мерейтойы жайында болмақ. Олай болса ең алдымен Әнұран орындаудан бастайық.



Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

«Отан - жерім, Отан - суым, Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым, Отан мәңгі гүлденеді» – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. 2016 жылы 1 желтоқсанында өткен Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр мәңгіге қалықтайды деп сенемін деген»
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәмізіміз – Елтаңба, ту, Әнұран.
Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай - ақ, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, мемлекеттік Әнұранын қастерлеуге міндетті. Біз осы ата бабамыз аңсап өткен тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді ұмытпауымыз керек. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қай жылы алып еді балалар?

-1991 жылы 16 желтоқсанда.

-Біз тәуелсіздігімізді қалай алдық балалар білемізбе?

-Ия. 16 желтоқсан күні қазақ жастары алаңға шығып орыстың ел басқаруына қарсы болып елбасыға қазақтың сайлануын талап етті. Бірақ олар тыңдағысы келмей қарсы күш көрсетіп көптеген аға апаларымыз құрбан болды.

-Батыр аға апаларымыздың атын білемізбе?

-Ия. Қаират Рысқұлбеков.

Өте дұрыс балалар. Балалар біздің ағылшын тілі апайымыз неге қазақша сөйлеп жатыр деп отырған шығарсыздар. Бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше. Бүгін біздіер егемендік тәуелсіздік тақырыбында жаңа сөздерді үш тілде айтатын боламыз.Ендеше бүгінгі күннің тақырыбын дәптерімізге жазайық. сәйкес жаңа сөздерімізді үш тілде аитайық.

Біздің президентіміз-Наш президент-Оur president

Менің отаным- Моя родина –Мy motherland

Тәуелсіздік куні-День независимости-The Independence day

25 жыл-25 лет-25 year

Тойлаймыз – празднуем- celebrate

Авторы –Aвтор- Author

Рәміздер –символы -symbols

Әнұран –Гимн- Anthem



Елтаңба -Герб- Еmblem

Ту -Флаг- Ғlag

Қазақстан Республикасының жиырма бес жылдығына арнап кім тақпақ немесе құттықтау аитқысы келеді.

І оқушы:

Kazakhstan is my country.

Kazakhstan is my land.

I live happy here with my friends.

2оқушы:

Kazakhstan you are my motherland

Kazakhstan you are my Loveland

Kazakhstan you are my heart

Everywhere your soil in my hand

Негізгі бөлім.

Жарайды балалар ендеше ары қарай өзіміздің төл рәміздерімізге тоқталайық.

Бірінші-Әнұран сөзінің мағынасына тоқталып кетейік.Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Ендеше, оқушылар біздің Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

Кто является автором гимна?



Әні-песня: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі-слова: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.



Әнұран орыс тілінде-гимн, ал ағылшын тілінде anthem деп аталады.


Екінші елтаңбаға тоқталайық. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім? Кто является автором герба РеспубликиКазахстан?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шохан Уалиханов.

Елтаңба орыс тілінде-герб, ағылшын тілінде- emblem деп аитылады қане қайталайық. Ал енді кім елтаңбамызды суреттейік.

Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ. 
Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді.Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны –күн сәулелерін еске салады.
Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуге бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты – біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі.



Үшінші мемелекеттік рәмізіміз ол біздің туымыз.

Туымыздың авторы кім?

Кто является автором флага?

Кім туымызды сипаттап береді?
Тудың авторлары Шәкен Ниязбеков. Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолда ұстауға, бірлестікке шақырады. Ашық көк аспан бейбітшіліктің, аманшылықтың, тыныштықтың белгісі.
I – жүргізуші: Күн байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс алтынның түсі, байлықты білдіреді. Өрнек – ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші. Ал қыран қырағылықты, қайырымдылықты, ой биігін көрсетеді. 
Ту орыс тілінде-флаг, ағылшын тілінде - flag



Ендеше кім ту туралы орысша немесе ағылшын тілінде тақпақтар біледі:

My flag is blue.

My flag is bright.

I like it very much.

The yellow sun.

The blue, blue sky.

And the eagle is flying high.

Ойын. «Кім жылдам? Who is faster? Кто быстрее?»


1. Our national language? Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
2. What nationalities live in Kazakhstan? Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
3. The capital of Republic Kazakhstan is…. Қазақстанның астанасы қай қала?
4. Our own money call is …. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
5. When we celebrate our independence day? Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды?
6. The symbols of our independence are … Рәміздерге нелер жатады?
7. Who wants to tell me about anthem? ҚР туында не бейнеленген?
8. Who is the author of our flag? Тудың авторларын ата.
9. Who write our anthem? Әнұранның авторлары кімдер?

Өте жақсы, сендер мемлекетіміз туралы, рәміздеріміз туралы білімдеріңді көрсеттіңдер.
Қорытынды. Біз осы мереке қарсаңында өзіміздің ұлттық құндылығымыз рәміздеріміз екенін ұмытпауымыз керек.Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Lesson 4

School: lyceum№1

Date:

Teacher name: Mukanova A/ Unalova L

Grade: 4

Number present:

absent:

Theme of the lesson: «25 year of Independence»

Aims

To pronounce words

Lesson objectives

Learners will be able to:

Recognize the language of classroom routines (listen read write sing say look open close sit down stand up go find sing)

Pronounce the majority of words (10 out of 13) on the topic intelligibly



Success criteria

Learners have met the learning objective (L1) if they can:

Give appropriate answers that are clear and intelligible in response to prompts.



Value links

Lifelong learning

Cross-curricular

links

History, geography

ICT skills

Using videos, slides

Previous learning

initial letters

Plan

Planned timings

Planned activities

Resources

Beginning

5mins



Teacher greets students; Students respond to greeting and take their places.
Warming up

Students watch the video about the English alphabet in order to remember and revise the letters. While watching students may sing along.

Students get familiar with the lesson objectives.


English ,history ,geography lessons

Middle

30mins



Introduction (10)

Teacher pre-teaches and models following action verbs with simple mime gesture: listen,repeat read writenew word on their book



Reading / drilling pronunciation (10)

Біздің президентіміз-Наш президент-Оur president

Менің отаным- Моя родина –Мy motherland

Тәуелсіздік куні-День независимости-The Independence day

25 жыл-25 лет-25 year

Тойлаймыз – празднуем- celebrate

Авторы –Aвтор- Author

Рәміздер –символы -symbols

Әнұран –Гимн- Anthem

Елтаңба -Герб- Еmblem

Ту -Флаг- Ғlag


Cards with words

Worksheets


End

5 mins


Good bye song

Students sing a good-bye song and dance to the tune repeating the moves shown in the video



Smiling feedback

Teacher asks students “How are you?” to find out their mood at the end of the lesson, compare it to the initial mood students had and makes conclusion how the lesson influenced students and why.



PPP Slide


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет