Оқушылар https://www.youtube.com/watch?v=b9Wx0oPX8U4 сілтемесінен Елбасының EXPO 2017 туралы сұхбатын көреді. ( 02.35. мин.).
Сұхбат мазмұнын талқылау.
Қандай тақырып туралы сөз болды? (Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми)
Мақсатты аудитория қандай? Кімдерге бағытталған?
Қандай тірек сөздер мен көркемдегіш құралдарды естідіңдер?
2- тапсырма. Талда- жұптас- бөліс.
Оқушылар өз еріктерімен жұптасады (екіден, үштен болуы да мүмкін).
Оқушыларға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен сұхбатынан үзінділер таратылады.
Тапсырма: Өздеріңе берілген сұхбат бөліктеріндегі тақырып пен мақсатты аудиторияны анықта, көркемдегіш құралдардың астын сыз, бұл сөздердің сұхбат мазмұнын ашудағы рөлін талда.
Тілшінің сұрақ қою әдісін талқыла;
Көтерілген мәселені анықта;
Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талда, мысалы, сөздердің лексика- семантикалық топтарының қолданысы; ғылым, энергия саласындағы атаулар, көптік мағынада жұмсалған атаулар т.б.
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Сұхбаттағы мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды
|
сұхбаттағы тақырып пен мақсатты аудиторияны анықтайды;
|
мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды;
|
бұл сөздердің сұхбат мазмұнын ашудағы рөлін талдайды;
|
уақытты тиімді қолданады (5-10 мин)
|
3- тапсырма.
«Кешкі шай», «Бай-қуатты болайық!», «Бетпе-бет», «Сыр сұхбат», «Айтуға оңай» бағдарламаларының бірінің форматын таңда;
Бірің сұхбат беруші рөлінде, бірің тілші рөлінде сұхбат дайында.
Көшедегі адамдардан интервью алу үлгісін де көрсетуге болады.
Мәтінде берілген ақпаратты, тірек сөздерді қолдан.
Жұптар бір- біріне жұмыстарын рөлде ойнап көрсетіп, келесі жұп ауызша кері байланыс беріп бағалайды.
|
Тыңдалым материалы
Слайд
https://www.youtube.com/watch?v=b9Wx0oPX8U4
|