Сабақ тақырыбы: Қазақстанның рәміздері Мектеп: №59 Күні : 23. 02. 17ж



Дата04.07.2018
өлшемі0,65 Mb.
#47111
түріСабақ
Тақырыбы: «Қазақстанның рәміздері»
Конуспаева Г.А. №59 орта мектебі

Қысқа мерзімді жоспар




Сабақ тақырыбы:


Қазақстанның рәміздері

Мектеп: №59

Күні : 23.02.17ж




Мұғалімнің есімі: Конуспаева Г.А

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу

1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысy;




  • Оқушылардың басым бөлігі: тудағы бейнелердің мағынасын білy;

  • Кейбір оқушылар: мемлекеттік рәміздерді құрметтей білу

Тірек сөздер:

ту – флаг – flag;

елтаңба – герб – emblem; әнұран – гимн – anthem;

мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.

Ресурстар:

Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні, «Ту», «Гимн», «Елтаңба», «Бәйтерек», «Алтын адам» суреттері, үлестірме парақшалар, флип-чарт, түрлі-түсті маркерлер, «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер (қыран, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты тұлпар), жапсырмалар, өрнек жапсырмалар, «Орындап көр» айдары тапсырмасына арналған ту үлгілері.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті матадан жасалған. Оның ортасында 32 сәулесі бар күн орналасқан. Күннің астында көкте шарықтаған қыран құс бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Автордың түсіндіруі бойынша ту жобасымен жұмыс істеген алты ай уақыт ішінде қазақ халқының тарихын, әдебиетін оқып, көп ізденген. Ту идеясы тарихтан, ұлттық мәдениеттен алынған. Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде – көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Сақтар, ғұндар, қыпшақтар туды жауынгерлік рухтың белгісі деп ерекше қастерлеген. Олар туда әскердің күші, киесі болады деп сенді. Сол себепті тудың құлауын әскердің жеңілуі деп түсінді, бүкіл әскер болып шайқастарда әскер туын қорғады. Ту алыстан айқын көрінуі үшін ашық, көк, қызыл, сары, жасыл, ақ түсті маталардан жасалынып, кейде бір туда екі-үш түс қатар қолданылды. Тудың әр түсі көшпелілердің төл мәдениеті ретінде белгілі бір ұғымды білдірді. Абылай ханның туы ақ түсті болған. Ақ түс тазалықтың, әділдіктің белгісі саналады. Абылай хан көрнекті мемлекет қайраткері, үш жүздің басын біріктірген атақты хан, қолбасшы және елші ретінде танылды.

Сабақты Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әнін тыңдаудан бастауға болады. Бейнебаяннан әнді тыңдап болғаннан кейін:

«Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?» «Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?» – деген сұрақтар қою арқылы сабақ мақсатын ашуға жетелеу.

Жауабы: Ту туралы.

- Суреттерге қара. Оқушыларға оқулықта берілген суреттерге назар аударып, сұрақтарға жауап беруді ұсыну. Оқушылардың жауабын сабаққа қатысты деректі материалдармен толықтыру.

Оқулықтағы 1-мәтінді өз бетінше оқуға беру.

Кел, анықтайық! Бұл айдар бойынша жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқулықтағы суреттерге назар аударып, берілген сұраққа жауап береді. Оқушылардың сұраққа жауап беру барысында тиісті лексиканы дұрыс қолдануына көңіл бөлу. Оқушылардың мақтаныш сезімін ояту үшін 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Қазақстандық спортшыларды марапаттау сәті бейнеленген қысқаша бейнебаянды тамашалату. «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? Сен өзің не істер едің?»,– деген сұрақтар қою. Өз елінің туына құрмет көрсету – азаматтықтың көрінісі екенін айтып қорытындылау.

Кел, ойланайық!

Ойлан

«Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің?

Бұл айдарды «Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді көрумен бастаймын. Алдымен оқушыларды үш топқа бөліп аламын. Әр топқа тапсырма беремін. Бірінші топ фильмде қолданылған музыканы зерттейді, екінші топ қолданылған декорацияны, үшінші топ кейіпкерлер іс-әрекетін бақылайды. Үзіндіні қарап болған соң, әр топтың бір -бір оқушысы шығады. Бір оқушы фильмнің музыкасын, екіншісі декорациясын, үшіншісі адамдардың әрекеттерін сипаттайды. Фильмді көрсетудің мақсаты мақалдың мағынасын ашу. Бұл жұмыс түрі байқампаздықты дамытуға көмектеседі. Оқушыларға ерте заманда қазақ халқы үшін тудың мәні қандай болғаны, ал қазіргі кезде тудың маңыздылығы қалай өзгергені туралы қорытынды жасату. Отан қорғау әр жігіттің қасиетті борышы екені туралы тұжырым жасауға бағыттаймын.

Оқулықтағы 2-мәтінді өз бетінше оқуға беремін.

Сен білесің бе? Оқушыларға Абылай ханның портретін көрсетемін. Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманда өмір сүргені, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқаны туралы әңгімелеуден бастаймын. Абылай ханның тарихтағы ең басты еңбегі үш жүздің басын қосып, бір ту астына жұмылдыруы екенін атап өтемін. Оқушылардың біріне мәтінді мәнерлеп оқуды тапсырамын.

Ақпаратты «Жеті жебе» әдісі бойынша жүйелейміз. Портреттің айналасында жеті жебенің суретін жасаймын. Оқушылар әр жебеге тарихи тұлға Абылай ханды сипаттайтын сөздерді жазады.

Жауабы: Батыр, ержүрек, ақылды, әділ, қолбасшы, батыл, көреген.

Орындап көр. Тапсырманы топта орындатамын. Әр топ өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала дайындалған түрлі-түсті қағаз, жапсырма, маркер, өрнек жапсырмалар қолданып жасайды. Оқушылардың жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, тазалықты сақтауларын мұқият қадағалаймын. Орындалған жұмыстарды «Сөйлейтін қабырғаларға» ілеміз. Әр топ өзі жасаған туларын таныстырып қорғайды. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз.



Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және гимн. Қазақстанның рәміздері - мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді.

Қазақстан Республикасының Гимні салтанатты жиындарда орындалады.

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру





«Бағдаршам» ойынын ұйымдастырамын . Қазақ тіліндегі сөзді жасыл түспен, орыс тіліндегі сөзді сары түспен, ағылшын тіліндегі сөзді қызыл түспен белгілейміз. Әр топқа тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар таратып беремін. Оқушыларға түсті дөңгелекті көрсетемін бір немесе белгілі бір түс (қызыл, жасыл, сары) атауын айтамын. Оқушылар түске сәйкес тірек сөздерді тиісті тілде атайды.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Өнер. «Орындап көр» айдарында берілген тапсырманы орындайды.

АКТ. Интернеттен әлемдегі түрлі мемлекеттердің туының үлгілерін жинақтайды.


Жұмыс дәптеріндегі «Менің елімнің рәміздері» тапсырмасын орындайды.



Бағалау


Оқушылар:

–– ҚР мемлекеттік туымен танысты; –– тудағы бейнелердің мағынасын білді;

–– тудың мемлекеттік маңыздылығын білді.

Оқушылар:

–– бақылау жүргізуді; –– ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді үйренді;
–– сұраққа жауап беруде тиісті лексиканы қолдануды үйренді;
–– халқымыздың өткені мен бүгінгісін салыстыруды; –– туды құрметтеуді үйренді.
Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауды ұсынамын:

–– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді.

–– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті.
–– Қазақстанның туында қыран бүркіт, ұлттық ою-өрнек, шашақты күн бейнеленген.
–– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды ? (оқытуды да, оқуды да ескеру)

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ? ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуім қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет