Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі38,26 Kb.
#46558
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Әдебиеттік оқу



Мұғалім

Берженбаева Әсемгүл Райқызы

Мектеп, сынып

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №110 мектеп-лицей,

4-сынып


Сабақ тақырыбы

Қазыбек бидің шешендігі



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының даналығын және шешендік атты асыл қазынасын танып білу. Оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі - қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру, жан-жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру;

Дамытушылық: Болашақ би, шешен ізбасарларын қалыптастыру, өз пікірлерін қорғай білуге, талдай білуге және «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» таба білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды сөз мағынасының тереңдігін түсінуге, сөзге тоқтай білуге, шешенділікке тәрбиелеу.

Сілтеме:

http://imektep.kz,



http://imektep.kz/sheshendik-sozder,

билердің портреттері, кітаптар көрмесі, интерактивті тақта, бүктемелер,бағалау парақтары т.б.



Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды белсенді іс-әрекетке жұмылдыру.
Мұғалім: Өнерде, ойда, білімде,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Бәрі: Алу үшін сапалы білім,
Ардақтаймыз ана тілін.

Қызығушылықты ояту:

Шашылған сөздерден билердің шешендік сөздерін құрастыру арқылы 3 топқа топтасып отырады (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би тобы). Билер туралы әр топтың пікірлері тыңдалады.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын үн таспаға құлақ түрейік.  
Интерактивті тақтадан «іМектеп»-тен шешендік сөз» фильмін көріп, танысады.

Енді осы көрген, ойға түйген білімдеріңді тапсырмалар орындау арқылы дәлелдейсіңдер.

3 топқа үш түрлі тапсырма беремін. http://imektep.kz әр топта ғаламторға қосылған ноутбок болады.

1-топ. Тапсырманы оқып «дұрыс», не «бұрыс» деп жауап береміз.

2-топ. «Бос орынды толықтыр». Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.

3-топ. «Сәйкес жалғасын тап». Екі бағандағы сөйлемдерді сәйкестендіру.


Бекіту:

Тест. Сұрақтың дұрыс жауабын тауып белгіле.


Оқулықпен жұмыс

Олай болса оқулықтың 16 бетіндегі «Қазыбек бидің шешендігі» тақырыбында өз заманында халықаралық деңгейде келісімдер жүргізген, «ұраны-алаш, керегесі-ағаш» елдің атынан сөз айтқан ұлы бабамыз қаз дауысты Қазыбек бидің бала жастағы тағы бір тапқырлығы, шешендігі туралы танысамыз. 

Топтық жұмыс. «ЖИГСО» әдісімен мәтінді бөліктерге бөліп оқиды.

Әр топтан бір оқушыдан шығып кезектесіп мәтін мазмұнын әңгімелейді.

Ұжымдық жұмыс. Сұрақ-жауап.



-Төле би Қазыбектен не сұрайды?

-Қазыбек оған қалай жауап береді?

-Әкесі Қазыбекті неге Төле биге жібергісі келмеді?

-Келдібек бидің қорқынышы расталды ма?



 Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру


Топтық тапсырма. 1-топ. Бала Қазыбектің Төле биге қойған сұрақтарын табу.

2-топ. Төле бидің жауаптарын табу.

3-топ. Қойылған жұмбақ сұрақ пен жауаптың мәнін түсіндіру.

Ой толғаныс. 1-топ. Би» деген атаққа сипаттама береді.

                           қоғам қайреткері                                                      


мәмілегер                                                        


БИ                    хан кеңесшісі                          
                          заңды жетік меңгерген  

   сөзге шешен                                 



от ауызды, орақ тілді
Би дегеніміз – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. 


2-топ. Бес жолды өлең.

3-топ. Семантикалық карта.



Кестені толтырамыз




Билер
Шешендік сөздері

Қазыбек би

Төле би

Әйтеке би

Тату болса, ағайын жақын.

 Ақылшы болса, апайың жақын.


 Бауырмал болса, інің жақын.
 Инабатты болса, келіні
ң жақын










Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.










Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.










Рефлексия


Сізге қай тапсырманы орындаған ұнады, неліктен?

Фильмді көре отырып, өзіңізге қажетті ақпарат ала алдыңыз ба?

Сіз өз біліміңізді көрсете алдыңыз ба?

Сіз бүгінгі нәтижеңізге қаншалықты ризасыз?

Үйге тапсырма

Төле бидің Қазыбекке қайырған жауабының мәнін кестеге сүйеніп жаз.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет