Ақпаратты енгізу құрылғылары – пернетақта, графикалық планшеттер (диджитайзерлер) , сканерлер, манипуляторлар (джойстик, маус, трекбол, сәулелік қаламұш т.б.), сенсорлық экрандар.
Ақпаратты шығару құрылғылары- принтер (матрицалық, бүріккіш, лазерлік), монитор, колонка және графиксалғыштар (плоттерлер)
Байланыс және телекоммуникация құрылғылары- компьютерді байланыс арналарына, басқа ЭЕМ-дерге және есептеу желілеріне қосуға арналған. Желілік контроллер оны басқа ЭЕМ-дермен ақпарат алмасу, есептеу желісі құрамында жұмыс істеу үшін байланыс арналарына қосу қызметін атқарады. Ауқымды желілерге қосылу үшін модем қызмет атқарады.
Мультимедиа құралдары – бұл адамға әр түрлі, өзі үшін табиғи орталарды, дыбысты , бейнелерді, графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. Қолдана отырып, компьютермен қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені. Оларға ақпаратты сөздік енгізі және шығару құралдары, сканерлер, жоғары сапалы бейнелік және дыбыстық тақшалар, кескінді бейнемагнитафоннан немесе бейнекамерадан түсіріп, оны ДК-ге енгізетін бейнеқармау тақшасы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |