Сабақ тақырыбы б жаңа білімді меңгеру Жоспары


Бұлттық қызметті қолдану арқылы резервтік көшірме жасау



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі56,76 Kb.
#83548
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
767 8848 12106 (1)

Бұлттық қызметті қолдану арқылы резервтік көшірме жасау


Кейбіреулер бұлттық технологиялар техникалық тұрғыдан алғанда резервтік көшірме жасау қызметін атқара алмайды деп санайды. Файлдарды сыртқы жинақтауыштарға сақтағаннан Dropbox, Google Диск, Microsoft OneDrive немесе осы секілді сервистерге жүктеу тиімді. Егер келеңсіз жағдай орын алатындай
болса, осы сервистерде файл көшірмелері сақталатын болады.
Артықшылығы: қарапайым, жылдам және көп жағдайда тегін қызмет.
Кемшілігі: көптеген бұлттық сервистер бірнеше гигабайт көлемді ғана тегін ұсынады, ал оны тек қосымша ақы төлеп, кеңейтуге болады.
Өз файлымызды жоғалтпай, үнемі сақтап жүру үшін Dropbox, Google Дискіге не OneDrive сервистерінде және сыртқы жинақтауыштарға тұрақты түрде резервтік көшірме жасау керек.
Қауіпті программалар ақпаратқа зиянын тигізбес үшін электронды поштамен келетін бейтаныс хаттарды, әсіресе, қосымша файлдары бар хаттарды ашпау қажет. Сонымен қатар хат мәтіндегі сілтемені басу арқылы басқа бетке көшу де қауіпті. Себебі олар вируспен зақымданған веб-беттерге алып баруы мүмкін. Ақпаратты қорғау шараларының тағы бірі – шифрлау, яғни арнайы түрде кодтау. Шифрлауды ең алдымен, құпия ақ- паратты қорғалмаған байланыс арналары арқылы тасымалдау кезінде қолданады. Мәтін, сурет, дыбыс, деректер қоры және басқа да ақпаратты шифрлауға болады. Деректерді шифрлау мен шифрдан ашу әдістерімен төрт мыңжылдық тарихы бар криптология ғылымы айналысады. Ол екі тармақтан тұрады: криптография және криптоанализ.

Әдетте, шифрлау алгоритмі барлығына белгілі, ал оны шифрдан ашуға арналған кілт белгісіз болады. Бұл шифрлаудың кодтаудан басты айырмашылығын көрсетеді.
Кілт – шифрлау алгоритмінің параметрі. Оны білу арқылы хабарламаны жасыруға және ашуға болады. Барлық шифрлар (шифрлау жүйесі) екі топқа бөлінеді: симметриялық және асимметриялық (ашық кілтпен). Симметриялық шифр – хабар- ламаны шифрлау мен шифрдан ашуда бір ғана кілт қолданыла- тынын білдіреді.
Ассиметриялық шифрда екі кілт қолданылады: олар – бір- бірімен математикалық тәуелділік арқылы байланысқан ашық және жабық кілттер. Ақпарат барлығына белгілі ашық кілттің көмегімен шифрланады, ал шифрдан ашу хабарламаны алушыға ғана белгілі жабық кілт көмегімен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет