Оқушылар орындай алады: поэзиялық шығармалардың тілін түсінеді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тақырып, идея, пафос
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар: жазушы шығармасының ерекшелігі неде, әдеби жанрдың қай түріне жатады?
Құндылықтарды игерту
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2. Жағымды психологиялық ахуал. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. «Капитандар, теңізшілер» ойынын ойнату. «Капитандар» дегенде әскери белгі көрсетеді. «Теңізшілер» дегенде еден жуады. "Түскі ас" дегенде үштен топ құрып тамақ ішеді. «Кеме» дегенде төрттен топ құрады. Ойынды екі рет қайталатып топ құруға болады.
Топтар бір-біріне отан, туған жер туралы мақал-мәтел сыйлайды.