Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет128/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Тигр мен Евфрат өзендерінің ортасын Месопотамия деп атаған. Месопотамия тарихы 4 мың жыл бұрын басталған. Өз уақытында Месопотамия тұрғындары жазуды меңгеріп, сурет өнері мен архитектураның керемет үлгісін жасады. Месопотамияда астық, көкөніс, жемістер өсіру үшін жер суарып, құнарландыруды үйренді. Месопотамия сөзі «Өзен аралығындағы жер» деп аударылады. Тигр және Евфрат құнарлы

алқаптарында (мол өнім беретін жерді құнарлы деп атайды) ежелгі Месопотамия елдерінің тамақтану негізін құрайтын бидай, арпа, бұршақ, түйе бұршақ,


аскөк, пияз, шалқан, алма, анар, інжір, жүзім, шабдалы, айва өсірді.

Месопотамия тұрғындары кендір өсіруді үйренді. Одан киім тігетін мата тоқыды және емдеуге арналған емдік майлар алды.


Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргеннен басқа үй жануарлары мен үй құстарын асырады: сиыр, жылқы, түйе, есек, қой, шошқа, үйрек, қаз, тауық. Месопотамия елді мекенінің дамығаны соншалықты тұрғындары өздерін қажетті заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелдіктермен сауда жасап, олардан елде кездеспейтін тас, металл, ағаш алатын.



«Бүгін менімен бірге саяхатқа барғыларың келеді ме? Бұрынғы өткен заманға, Месопотамия деп аталатын елді мекенге саяхаттауды ұсынамын. Мен сендерге саяхат жетекшісі боламын. Сендер саяхат барысында туындайтын сұрақтарды қоя аласыңдар, ал мен жауап беремін. Менің көмекшілерім болады» – деп бастасаңыз болады. Көмекшілікке ұл және қыз баланың есімдерін атаңыз. Оқушыларды қызықтыру үшін оларға Месопотамия елді мекенінің суретін көрсетіңіз. Егер мүмкіндік болса, интерактивті тақтада көрнекті таныстырылым көрсете аласыз.
Ежелгі Месопотамия. Бұл тапсырманы жұпта орындауға беріңіз. Оқушылардан Месопотамияны неліктен екі өзен тоғысындағы өркениет деп атағанын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын күтіңіз. Картаны мұқият қарап, оқушылар сұраққа дұрыс жауап бере алады.
Жауабы: Себебі Месопотамия Тигр және Евфрат өзендерінің аралығында орналасқан.
Көмекшілеріңіз оқушыларға «Месопотамиядан әкелінген» дәнді дақыл тұқымы салынған қалташаны көрсетсін. Осы тұқымдардан өсімдік өсіп шығу үшін не қажет екенін сұраңыз.
Жауабы: Күн, жылу, су, жер.
Оқушылардың жауаптарын деректі материалдың көмегімен «құнарлы жер» сөздерінің мағынасы туралы мәліметпен толықтырыңыз. Тек содан кейін ғана тапсырма бойынша адамдар неліктен өзен жағасын мекендегені туралы соңғы сұраққа жауап берсін.
Жауабы: Өзен алқаптарында жер құнарлы болды. Ол адамдарға жер өңдеумен айналысуға мүмкіндік берді.
Оқушылар оқулықтың 1-мәтінін өз бетімен оқып шықсын. Анықта. Оқушыларға «Біз барлығымыз тарихи саяхатшылар сияқты өте ертеде ежелгі Вавилон, Ур қалаларында тіршілік еткен Месопотамия халқы қандай тағам мен сусын қолданғанын зерттейміз», – деп айтыңыз. Оқушылар аталған қалаларды картадан тапсын. Бұл тақырып бойынша Месопотамияның тағамдары мен сусындары туралы кітаптар, суреттер, оқулық, журналдар, газеттер (алдын ала газет қиындылары түрінде материал дайындасаңыз болады), интернет және дискілер бар екенін айтыңыз. Олар Месопотамия елді мекенінде халық қалай тамақтанғаны туралы сұраққа жауап береді. Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінді ұсыныңыз.
Қандай ботқаны жақсы көресің? Бұл тапсырманы орындамас бұрын оқушылардан қандай ботқаны жақсы көретінін сұраңыз. Олардан кестеге қарап, қандай жармалардан ботқа пісіретінін сұраңыз. Оқушылар оқулықтың тапсырмасын орындасын.
Сен білесің бе? Бұл айдар мәтінін оқымас бұрын көмекшілеріңізге «саяхатшыларға» құрма таратуын тапсырыңыз. Оқушыларға құрманы
Месопотамияда өсіргенін, ұзақ жолдарға төзімділік беретінін түсіндіріңіз. Оқушылар мәтінді оқып шықсын. «Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. Егер сендер тағы да саяхатқа барғыларың келсе, өздеріңмен бірге құрма алып жүріңдер. Құрманың құрамында адам үшін барлық қажетті дәрумендер бар», – деп «саяхатыңызды» аяқтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет