Жаратылыстану. «Сен білесің бе?» айдары «Адам» тарауымен байланысты.
Өнер. Қосымша тапсырманы орындау үшін балалар әнін таңдап алыңыз.
АКТ. Оқушылардан фотосуреттерден таныстырылым жасауын, бір күнде оқушылардың өзгерген көңіл-күйі туралы бейнежазба түсіруін сұраңыз.
|
Оқушылардан бір-бірінің көңіл-күйін көтеру үшін жақсы істерді атқаруға қайсысының қатысқысы келетінін сұраңыз. Ән айтуды (үш тілде айтса болады) ұсыныңыз. Әнді күрделі емес бірнеше қимылдармен толықтырыңыз.
|
Бағалау
|
Оқушылар
– әртүрлі эмоцияны, сезімді, көңіл-күйді өз сөздерімен сипаттай алады;
– сабақтың әртүрлі кезеңдерінде өз эмоциялық жай-күйін анықтай алады.
Оқушылар
– өз эмоциялары мен көңіл-күйілерін басқаруға болатынын түсінді;
– егер қоғам игілігіне жасалған болса, жақсы істер табыс және жақсы көңіл-күй сыйлайтынын білді;
– жалпыға пайда әкелетінін және айналаға қуаныш сыйлайтын істерді таңдауға үйренді.
Оқушыларға сөйлемді аяқтауға ұсыныс беріңіз:
Жамандықтан – жамандық, жақсылықтан ...........
(жақсылық)
Жақсы ағаштың жемісі де ........... (жақсы)
........... жасауға асығыңдар. (жақсылық)
Күмісіңмен мақтанба, ........... мақтан. (жақсылығыңмен) Өмір ........... жасау үшін берілген. (жақсы істер)
|