Оқушылар
–– көкжиек және оның тұстары – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс туралы;
–– тұсбағдардың көмегімен және жергілікті жер белгілері бойынша бағдарлау тәсілдері туралы білді.
Оқушылар
–– тұсбағдарды пайдалануды; –– нысандардың бағытын анықтауды;
–– тірек сөздерді дұрыс қолдануды үйренді.
Блиц-сауалнама (әр оқушыға арналған үлестірме парақшалардағы кестеде). Әр жауаптан кейін дұрыс болса (+) белгісін, бұрыс болса (-) белгісін қою қажет.
Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер. (+)
Бағдарлау үшін 5 негізгі көкжиек тұстары қолданылады. (-)
Тұсбағдар – көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал. (+)
Тұсбағдардың көк (жасыл) тілі оңтүстікті көрсетеді. (-)
Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (+)
Күн әрқашан шығыстан атады. (+)
Тал түсте күн солтүстікте болады. (-)
|