Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет86/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішіндегі ерекшелерінің бірі – сақтар. Олар туралы мәліметтер грек және парсы дерек көздерінде бар. Ғалымдардың зерттеулеріне сай сақтар жер өңдеумен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтарда металл шығарып, өңдеуге байланысты қол өнері жақсы дамыды. Сақ шеберлері темірден, қалайыдан, күмістен және алтыннан қанжар, садақ оқтарының ұштарын, ат әбзелдерін, әшекей бұйымдар, айна құйып, жасады. Ата-бабаларымыз табиғат сырларына өте қанық болған. Олар жылқы, қой, түйе, ірі қара мал өсіріп, жануарлардың етін азық етті. Олардың терілері мен жүнінен киім және басқа да қажетті заттар жасады. Сақ өнерінде аң стилі кеңінен таралған. Азия тарихындағы аса танымал әйелдердің бірі сақ ханшайымы Тұмар (Томирис) еді. Тұмар ханшайым есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы еш жеңілуді білмеген әйгілі парсы патшасы Кирдің әскерін жеңуіне тікелей байланысты. Аңызға сай Томирис керемет сұлулығымен, өжет мінезімен, ақыл-парасатымен ерекшеленеді.



Сабақ басталарда оқушыларды топтарға бөліңіз. Ол үшін оқушыларға көлік түрлерінің атауы жазылған үлестірме парақшалар таратыңыз, мысалы, ұшақ, кеме, пойыз, автомобиль. Оқушылар мұғалімнің бұйрығымен көлік аттары бойынша топтасады. Оқушыларды топ бойынша отырғызып, «Көшпенділер» ойынын өткізіңіз. Көшкен кезде өздерімен бірге қандай заттарын алып жүретінін сұраңыз. «Көш қозғалды» деген сәтіңізде заттарын алып, келесі топпен орын ауыстырып отырулары қажет. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқтады, сол орындарында қалулары тиіс. Ойын арқылы оқушылар жаңа сабақ туралы біршама түсінік алуы керек. Осылайша бірнеше рет қайталауға болады. Бұл жұмыс түрі оқушылардың көшпенділер тіршілігінің ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Ойын өткізіп жатқан уақытта домбырада ойнаған музыкалық композицияның дыбыстық жазбасын қосып қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет