Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет87/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Көшпенді ел. Топтардың арасында «Сақтардың қоныс аударуы» тақырыбына кіші зерттеу жұмысын жасатыңыз. Ол үшін әр топқа А3 көлеміндегі 1-2 парақ, маркер таратып беріңіз. Оқулықтағы суретке мұқият қарауды ұсыныңыз. Топтағы оқушылар суретте кім бейнеленгенін, бұл адамдар қалай тіршілік еткенін, шаруашылықтары, қару-жарақтары қандай болғанын, қандай көлік түрін пайдаланғанын айтып беруі тиіс. Оқушылар өз жұмыстарын тірек схема немесе кесте түрінде безендірсін. Әр топ өз жұмыстарын тақтаға немесе сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қояды. Барлық топтар бір-бірінің жұмыстарын тексеруі үшін уақыт беріңіз. Олар стикерлерде өз ұсыныстарын, ескертулерін, пікірлерін, тілектерін жаза алады және оларды басқа топтардың жұмыстарына іледі.
Бұл тапсырманы «Телефон» ойыны арқылы жұптағы жұмыс ретінде өткізуге болады. Бір оқушы
қазіргі заманғы баланың рөлін, ал басқасы сақ баласы рөлін орындайды. Рөлді ойнап жатқандар өзара телефонмен диалог жүргізеді. Жұмысты жақсы жүргізген жұпты атаңыз. Бұл тапсырма шығармашылықпен ойлануына көмектеседі. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.
Мен кіммін? Бұл айдарда Сақ ханшайымы Томирис туралы айтылады.
«Томирис есімді қыздарды білесіңдер ме?», «Неліктен оларды Томирис деп атаған?» деген бірнеше сұрақтар қойыңыз. Оқулықтағы Томирис туралы жазылған ақпараттармен танысып шығуларын сұраңыз. Сыныпта кімнің есімі еліміздің атақты адамдарының есімімен аталғанын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Отан үшін жасалған ерліктер және халық үшін атқарылған істер ұлы адамдардың есімдерін танымал еткенін түсіндіріңіз.
Екі сұрақ. Бұл тапсырма жұпта орындалады. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылардың жауаптарын деректі материалдардан алынған Томирис туралы мәліметпен толықтырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет