Міне, біздің алдымызда арабшадан французшаға аударылған, 1930-1935 жылдары Парижде басылып шыққан үлкен екі том кітап жатыр. Ол “Араб музыкасының тарихы”деп аталады. Мұның 330 беттен тұратын бірінші томын және ескертулерін әл-Фараби жазған. Екінші томның жартысын да жазған әл-Фараби, қалған жартысы - Әбу Әли ибн Синаның (Авиццена) еңбегі. Бұл еңбектерді жинап, аударушы және бастырушы- музыкант Родольф д Эрланже.

Оның қолында әл- Фарабидің музыка жөніндегі төрт қолжазбасы болған. Оның бірі- Лейденде , бірі – Миланда, бірі – Мадридте бірі – Бейрутта сақтаулы. Әл – Фараби араб , парсы, түркі , латын, грек тілдерін жақсы білген. Ол тілді үйреніп қана қоймай, тіл ғылымдарының өркендеуіне зор көңіл бөлген . Оның филология, поэтика, каллиграфия, риторика, жөнінде жазған еңбектері, өлеңдері, т.б. бар.Әл- Фараби математика астрономияны өте терең білген адам.