Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет22/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Қосымша тапсырмалар



АКТ. Оқушыларға интернеттен әртүрлі елдегі мектептердің суреттерін табуға және «Әртүрлі елдердің мектептері» тақырыбына ауызша таныстырылым жасауға ұсыныс беруге
болады. Қабілеті жоғары оқушыларға PowerPoint бағдарламасы бойынша жұмыс дәптеріндегі «Менің кітапханам» тапсырмасын орындатыңыз. Жаратылыстану. Кітапханаға зерттеу жүргізуге берілген тапсырманы орындаған кезде оқушыларға мынадай сұрақтар қоюына болады: «Неліктен кітапханада барлығы сыбырлап сөйлеседі?», «Қатты дауыстап сөйлеу кітапханада отырған оқырманға қалай әсер етуі мүмкін?» Өнер. Оқушылар жұмыс дәптеріндегі кітапхана

сұлбасын салуда берілген 2-тапсырманы орындайды.







Қосымша тапсырма ретінде «Диалог құр» ойынын өткізуге болады. Оқушыларды 4 топқа бөліңіз. Әр топ үшін мұғалім, кітапханашы, дәрігер, аспаз кәсіптерінің біреуін таңдатыңыз. Топта оқушылар өзара таңдап алынған мектеп қызметкері арасында диалог құрады, сахналық қойылым қояды. Бұл тапсырма топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады және білім беру үдерісіндегі барлық субъектілердің рөлін түсінуге көмектеседі.



Бағалау



Оқушылар

– мектепте мұғалімнен басқа кітапханашының, аспаздың, дәрігердің жұмыс істейтінін;


– әр қызметкер белгілі қызмет атқаратынын және тиісті бөлмеде жұмыс істейтінін;


– өз бітінше бақылай жүргізу арқылы кітапхана қызметін қалай пайдалану керектігін біледі.


Оқушылар
– мектеп қызметкерлерінің әрекетіне бақылау жүргізіп, тұжырым жасауға;

– ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренеді.


Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға бірнеше дұрыс жауаптар ұсынуға болады. Мысалы: «Аспаз балаларды оқытады», «Кітапханашы оқулықтар береді». Олар жауаптардың қайсысы дұрыс екенін анықтауы тиіс. Оқушылардың өздеріне бірнеше дұрыс жауаптарды жасата отырып, тапсырманы күрделендіруге болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет