Достық туралы мақал-мәтелдер. Оқушылар мақал-мәтелдерді дауыстап оқиды. Олардың мағынасын бір-біріне түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын күнделікті өмірден алынған мысалдар негізінде түсіндіре алады.
Олардан достық туралы басқа да мақал-мәтелдерді естеріне түсіруін сұраңыз.
|
Оқушылармен «Сөздер құра» ойынын жүргізіңіз. Оқушыларды 3-4 топқа бөліңіз, әріптер жазылған кесте қағаздар таратып беріңіз. Әр топқа барлық үш тірек сөз беріледі. Оқушылар аталған әріптерден «достық», «нағыз дос», «қызығушылық» сөздерін құрастыруы тиіс. Тапсырманы басқалардан жылдам орындаған және үш тілде барлық тірек сөздерді дұрыс құрастырған топ жеңімпаз болады.
|