Жаратылыстану. Оқушыларға ертеде адамдар неліктен ауа райы болжамын жасағаны туралы материал жинауға тапсырма беріңіз.
Математика. Оқушыларға белгілі бір жыл мезгілінде – жазда, күзде, қыста, көктемде дүниеге келген балалардың санын есептеуге тапсырма беріңіз.
Өнер. Сабақ басталғанда оқушылар П.И. Чайковскийдің «Қыс» шығармасын тыңдайды.
|
Оқушылармен «Аукцион» ойынын өткізуге болады. Оқушылар мұғалімнің дабылы бойынша («Жаз!», «Қыс!», «Күз!», «Көктем!») кезек-кезек әртүрлі жыл мезгілдерінде киетін киімдерді, аяқ киімдерді, бас киімдерді атайды. Аукционның шарты сөзді кім соңынан айтса, сол жеңеді.
Оқушыларға жыл мезгілдері туралы ертегіні аяқтауға тапсырма беруге болады. «Жыл мезгілдері қайсымыз ең жақсымыз деп дауласады. Қыс, Жаз, Күз және Көктем әдеміленіп тырысқандары сондай, соңында .... түсінді»
Жауабы: Әр жыл мезгілі өзінше әдемі.
|