АКТ. «Көшпенді халық» тапсырмасында шағын зерттеу жүргізген кезде оқушылар Word бағдарламасының көмегімен SmartArt қосымшасын пайдалана алады.
Өнер. Тілдік құзыретті дамытуға арналған тапсырманы орындаған кезде оқушыларға «Сақтар – көшпенді халық» деген сөйлемді үш тілде Бота Бейсенованың «Тұлпарым» әуеніне салып айтқызыңыз. Сабақ барысында оқушылар бірқатар шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
|
Гуманитарлық жағына бейім оқушылар үшін қосымша тапсырма ретінде «Мұражай» ойынын ұйымдастыруға болады. Ол үшін алдын ала сынып қабырғаларына сақ мәдениетінің аң стиліндегі заттары бейнеленген суреттерді іліп қойыңыз. 1-2 оқушыға экскурсия жүргізушісі рөлін ойнатыңыз.
|