Сабақ тақырыбы Бейнені монтаждау



Дата22.04.2022
өлшемі1,13 Mb.
#140541
түріСабақ
Байланысты:
БЕЙНЕНІ МОНТАЖДАУ
Excel тапсырма, Playing a Game - Quizizz, задание 4

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова С
Күні: Қатысқандар:
Сынып: 10 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бейнені монтаждау

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасына сілтеме)

10.2.2.2
бейне клиптерді орнатыңыз, дыбыстарды, суреттерді, әсерлерді, өтулерді және мәтінді қосыңыз



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Бейнемен жұмыс істеуге арналған программаларды
Бейнені түсіру



Оқушылардың басым бөлігі:

Барлық студенттер түсініктерді түсіндіре алады:

  • Бейне түсірудің;

  • Бейне монтаждаудың;

  • Уақыт аралықтарына бөлу;

  • Біріктіру;




Кейбір оқушылар:

Бейне жазбаларды дұрыс дыбыс жолдары арқылы жасай алады



Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау

Бағалау критерийлері



Толық түсіндіреді "Бейне түсіруді"
Толық түсіндіреді "Бейне монтаждауды"
Толық түсіндіреді Уақыт аралықтарына бөлуді"
Толық түсіндіреді " Біріктіруді"

Тілдік мақсаттар



Лексика және терминология:
Бейнені түсіру- Видео сьемка- filming
Бейнеклип- Видеоклип- Video clip
Жарықтық- Яркость- Luminosity
Қанықтық- Насыщенность- Saturation
Контраст- Контраст - Contrast

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
“Бейне түсіру”, “Бейне монтаждаудың”, “Уақыт аралықтарына бөлу”, “ Біріктіру ”.
Пайдалы сөйлемнің басы:
Бейнені монтаждау үшін ...



Құндылықтарды
дарыту

  • Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар мен бағалау арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын- термин сөздер

Алдыңғы меңгерілген білім

Бейне монтаждаудың ережесі

Сабақ барысы













Сабақтың жоспар - ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі:
3 мин
Үй тапсырмасын сұрау
Сабақтың ортасы:

«Сөйлемді толықтыр» әдісі.
7 минут


«Алдын ала берілген атаулар»


5 минут


Сергіту сәті
1 минут
Сабақтың соңы

5 минут


Сабақтың соңы



Ұйымдастыру кезеңі:
Oқушылар шаттық шеңберін құрып «Бір тілек» әдісі арқылы психолoгиялық жағымды орта қалыптастыру.
Постерде «редакциялау» терминіне сөздік бұлт жасау
Студенттерге арналған сұрақтар:
• Бейне түзету дегеніміз не?
• Соңғы сабақта өңдеу туралы не білдіңіз?


Жаңа сабақты түсіндіру
Бейнені монтаждау – түрлі сценарийлерге қатысты бей-неклиптерді өңдеу барысында ды ыстар, суреттер, әсерлер мен өтулер, мәтін қосу.

AVS Video Editor программасы – ейнеклиптерді түрлен-діруге арналған ыңғайлы редакторлардың бірі. Кең ауқымды әсерлер мен өтулер кітапханасының бар болуы – программаның ең басты артықшылығы.


Программаның медиа кітапханасында көптеген файлдар жиынтығы бар (10-сурет). Түрлендірілетін клиптерге бейне, сурет немесе дыбыс фильтрлерін қосуға болады.



10-сурет. Медиа кітапхана
Бейнеклиптерге дыбыс қосқанда дайын аудиоларды қол-дануға, жаңа жазбаларды жазуға немесе оларды кітапханадан жүктеп алуға болады. Дайын аудио дыбыстар бейнеклиптерді жай ғана сүйемелдеу үшін қолданылса, дыбыс жазу арқылы бейнеклипке түсіндірме жазбаларын қосуға болады.

Аудио дыбыстарды қосу үшін медиакітапханад ғы Аудио ба-тырмасын басамыз.


Тінтуір көмегімен қажетті аудионы т ңд п, Уақыт шкаласындағыаудиожолаққаорналастырамыз(11-сурет).



11-сурет. Дыбыс қосу
Дыбысты жазу үшін батырмасын басамыз (12-сурет). Ашылған Дыбыс жазу терезесінен Жазбаны бастау батырмасын басу арқылы дыбысты жазуды бастай аламыз.
Жазып болғаннан кейін Жазбаны тоқтату батырмасы арқылы дыбыс жазуды аяқтаймыз.



12-сурет. Дыбыс жазу
Дыбысты жүктеу үшін Мәзір қатарын н Медиа файл-дарды импорттау жолын таңдау командаларын орындаймыз. Ашылған терезеден қажетті аудиофайлды таңдап, Ашу батыр-масын басамыз
Импортталған аудиофайлды қосу үшін оны таңдап, Уақыт шкаласындағы аудио жолаққа орналастыру жеткілікті.

Бейнеклиптерге дайын суреттерді қолдануға немесе қажет суреттерді импорттауға болады.


Программада бейнеклиптер арасына қосылатын өтулер түрі өте көп. Өтулер бейнеклиптердің бірінен екіншісіне жеңіл ауысуды қамтамасыз етеді. Оларды қосу үшін:
батырмасын басып, Кадрлау режиміне өтеміз
батырмасын басамыз. Ашылған кітапханадан тінтуірдің сол жақ батырмасын ң көмегімен ұнаған Өтулерді таңдап, батырманы жіберместен екі бейне арасында орналасқан батырмаға алып келу жеткілікті
Программада бейне әсерлер түрі де жеткілікті. Бейне әсерлер қолдану арқылы бейнені ақ-қара режимде

көруге немесе бейненің қажетті жеріне жауып тұрған қар әсе рін қосуға, тағы басқа да көптеген бейне әсерлер қосуға болады. Бейнеклиптерге әсерлер қосу үшін





  1. батырмасын басамыз.




  1. Ашылған әсерлер тізімінен қажеттісін таңдап аламыз.




  1. Бейненің қажетті бөлігіне бейне әсерді Уақыт шкаласын-дағы арнайы жолаққа орналастырамыз.

Әсердің орналасу орнын қажетіне қарай өзгертуге болады. Бейнеклиптерге мәтін қосу үшін батырмас н қолда-намыз. Ашылған терезеден қажетті мәтінді таңдап, тінтуірдің көмегімен Уақыт шкаласындағы арнайы мәтінжолағына орна-

ластырамыз Мәтінді өзгерту үшін оны екі рет шер тіп, мәтін өзгерту тере-зесінде қажетті мәтінді теруге немесе көшіріп қоюға болады. Мәтіннің орнын ауыстыру үшін тін туір көмегімен белгілеп алып, қажетті орынға қоюға болады.


Түрлендірілген бейнеклипті алдын ала қа рау терезесінде көріп, қа жетіне қарай түзетіп бол ғаннан кейін сақтап, нәти-жесін тамашалауға болады.




Нұсқа'>Сергіту сәті: көзге жаттығу


Сабақты бекіту

  1. Нұсқа

Түрлі сценарийлерге байланысты бейнеклиптерді өңдеу барысында дыбыстар, суреттер, әсерлер мен өтулер, мәтін қосу ерекшеліктерін талдап, салыстырыңдар



  1. Нұсқа

Бейнеклиптерге дыбыс қосудың қадамдық алгоритмі берілген кестені толтырыңдар.



Рефликсия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.


Сабақты қорытындылау.
«Кері байланыс» Нені үйренді?
-Кейін керек болуы мүмкін
- Ақпаратты өңдеймін
- Барлығын лақтырамын


Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу

Оқулық
жұмыс дәптері


Интербелсенді тақта, электрондық оқулық,




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау– оқушыбілімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауәпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. Құндылықтардағы байланыс

1.Өзінің білімін жан-жақты екендігін көрсете алатын,берілген тапсырманы жете орындай алатын оқушыларға:«Алдын ала берілген атау» әдісінде Сілтеме тобы мен олардың қызметтерн салыстырып ұсынады
2.Өтілген тақырыпты толық меңгерген,тапсырмаларды өздігінен орындай алатын зейіні тұрақты оқушыларға ««Сөйлемді толықтыр»» әдісінде сілтемелер бөлімдеріндегі басқару элементтерінің тобын пайдаланып сілтемелер әзірлейді.
3.Таным компоненттерінің қалыптасуы төмен деңгейдегі оқушылар,мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушылармен жұмыс барысында «Мәтінді толықтыр» әдісінде мәтіндік құжаттарды безендіру, сілтемелер бөлімдеріндегі басқару элементтерінің тобы туралы ұғымдарды тұжырымдап сипаттайды.
Сыныпта алған білімдерін сыныптан тыс жерде қолдануға бағыттаймын.

Оқушының өзінің, басқалардың ойлары мен жұмыс жасауын бақылау дағдысы қалыптасу мақсатында «Бағдаршам» әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау мен бағалап отардым.Мадақтау бағалау, Өзін өзі бағалауды жүзеге асырамын.

Тілек айту арқылы психологиялық жағымды ахуал тудыру
Қауіпсіздік жіне еңбекті қорғау ережелері

  • Сергіту жаттығуларын орындау;

  • Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • Оқушылардың ДК алдында дұрыс отыруын қадағалау.


Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Бағалау критерий

Дескриптор:



Түрлі сценарийлерге байланысты бейнеклиптерді өңдеу барысында дыбыстар, суреттер, әсерлер мен өтулер, мәтін қосу ерекшеліктерін талдап, салыстырыңдар

Бейнеклиптерге дыбыс қосудың қадамдық алгоритмі берілген кестені толтырыңдар.





1 - 3 бал
2 – 4 бал
3 – 5 бал
4 – 6 бал
5 – 7 бал





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет