- Мақсаты. Кейбір сөздердің бірнеше түбірден құралып, бірігіп жазылатынын түсіндіру.
- Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатындығы.
- Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауыстың бірі түсіріліп, жазылатындығын бірнеше мысалдар арқылы түсіндіру.
- Дамытушылығы. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін , шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен және жекелей жұмыстар жасауға үйрету.
- Тәрбиелік жағы. Ұқыпты, әдемі жазуға үйрену.
- Көрнекілік. Сызба , суреттер.
- Сабақтың түрі. Аралас сабақ.(дүние тану,
- ана тілі пәндерімен байланыс)
- Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
- Психологиялық дайындық
- Аспанға қарап ай көрдім,
- Төмен қарап жер көрдім.
- Біздің алар бағамыз,
- Ылғи төрт пен бес пе екен.
- Көк және қызыл кәмпиттер шашу
- арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру. - Үй тапсырмасын тексеру.
- 1.Сөз неден тұрады?
- 2.Қаратпа сөз деген не?
- 3.Күрделі сөз деген не?
- 4.Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деген не?
- Сонымен өткен сабақты «сұрау» әдісі бойынша бірнеше сұрақтар қою арқылы жауап алдық.
Жаңа сабақ Біріккен сөз. Ерте, ерте , ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты «Күрделі сөздер»екен. Оның үш ұлы болыпты. - Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте,бақытты өмір кешіпті. Балалары да , тату болып, бір-біріне н ажырамай, ұйымшыл болған екен Біріккен сөздер- екі не одан да көп түбірден құралған сөздерден тұрады. Олар бірігіп жазылады. Мысалы . Балқарағай. . Бал+қарағай.
- Екі түбірден құралып тұр. Ала+бота, Ала+көл.Мысалы мынау не? Айна
- Мынау не? Гүл Осы екі заттың атын біріктіріп айтайықшы,
- Айна+гүл. Сонда екі заттың бірігуі арқылы біз біріккен сөз жасадық .
- Бірінші түбірі Айна сөзі, екінші сөз гүл.
Оқулықпен жұмыс. 32-жаттығу. Берілген сөздерден бірігу арқылы біріккен сөздер жасау. Әр сөз неше түбірден құралған?Неше түбірдің бірігуі арқылы жасалып тұр? - Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы дауысты ұяң
- , үнді дыбыстардың біріне бітіп, кейінгі түбірдің
- басындағы қ, к дыбыстары ұяң болып айтылса,
- олардың орнына
- ғ, г әріптері жазылады. Ол қатаң болып айтылса,
- , қ, к әріптері жазылады.
- Мысалы. Ботагөз, Ырыскелді.
- Дәптермен жұмыс.
- Көркем жазу.
- Аққу, шаңсорғыш, кемпірқосақ.
- 33-жаттығу
- Сөздерді оқып, көшіріп жаз.Әр сөз неше түбірден құралған?
- Аққк, бұзаубас,Ақмарал, шаңсорғыш.
- Оқулықпан жұмыс.
- Ережені хормен айту.
- 34-жаттығу.
- Өлеңді оқып, жатқа жаз.Өлеңде біріккен сөз бар ма?Біріккен сөздердің астын сыз.
- Кемпірқосақ.
- Күн күркіреп , себелеп,
- Жаңбыр жауып басылды.
- Көкжиекке керемет,
- Кемпірқосақ асылды.
- Топтық жұмыс.
- 1-топ.
- Әр сөз неше түбірден құралған?
- Айнабұлақ, Алакөл,итбалық.
- 2-топ.
- Біріккен сөздердің арасына (+) белгісін қой.
- Қосқұдық, Ақтеңіз, Түйебай.
- 35-жаттығу.
- Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлам құрап жаз.
- Аққұтан, шекара, көкжиек. Бұлар қандай сөздер?
- Бұлар қандай мағына береді?
- Яғни екі түбірден құралған, бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана сұраққа жауап береді.
- Сергіту сәті.
- Тербеледі ағаштар,
- Алдымнан жел еседі.
- Кіп-кішкентай ағаштар,
- Үп-үлкен боп өседі.
- Дамытушылық тапсырма.
- 1-топ 2-топ
- 1.Таудың суретін сал. 1. Салған суреттің атын жаз.
- . Алатау.
- 2.Екі құдықтың суретін сал. 2.Қосқұдық.
- 3.Ағып жатқан бұлақ. 3. Айнабұлақ.
- 4.Балықтың суретін сал. 4. Көксерке...
- 5. Сұлу құстың суретін сал. 5. Аққу.
- «Кім шапшаң» ойыны.
- Біріктіру арқылы біріккен сөз жасау.
- 1.топ 2.топ.
- Сары су
- Саңырау құлақ
- Қос аяқ
- Тау ешкі қайда жүреді? Немен қоректенеді? . Әңгіме құрау.
-
- Шығармашылық жұмыс.
- Екі топ кестені толтыру. Біріккен сөздер жаз
- Постермен жұмыс. Біріккен сөз туралы алған білімдерін қағазға түсіру.
- Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалады
- Бекіту. Үй тапсырмасы. 36-жаттығу. Біріккен сөз .
- Бағалау.
-
- і
Достарыңызбен бөлісу: |